Коронавирус • 23 Қазан, 2020
Коронавируспен күрестен сабақ алдық па?
Жаман тұмаудың екінші толқыны туралы жиі айтылуда. Қауіптің бетін қайтару үшін өткеннен сабақ алған жөн. Тұтқиылдан келген тажалмен күресуге қаншалықты қауқарлы болдық, қай жерде олқылық орын алды, оны да ашық айтқан ләзім.
Қоғам • 23 Қазан, 2020
Миграциялық саясат мегаполистердің маңайын дамытуға септеседі
Мемлекеттегі реттелмеген миграциялық үдерістер елдің этнодемографиялық балансына кері әсер ететіні белгілі. Сондықтан тартымды нүктеге айналған елдер миграцияның дауылынан тіл саясаты арқылы қорғанып келді. Яғни кез келген мигрант бет түзеген елінің ресми тілі мен тарихын білмесе, заңына мойынсұнбаса табалдырығынан да аттай алмайды. Бұл талапты бірер жыл бұрын Ресей де қолданысқа енгізді.
Медицина • 23 Қазан, 2020
Алғашқы операция MiFi көпполярлы аблациялық катетерімен жасалды
Апта басында Алматыдағы Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтында инновациялық технологияларды пайдалана отырып, жүрек ырғағының күрделі бұзылыстарын катетерлік емдеу бойынша екі күрделі операция жасалды. Алдағы уақытта мұндай оталар талай адамның өмірін ұзартатын болады.
Сұхбат • 23 Қазан, 2020
Қолжетімді медицина және оңалту шаралары
МӘМС жүйесі арқылы қандай медициналық қызметтер қолжетімді? Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорымен келісімге отырған медициналық ұйымдар туралы қайдан білуге болады? Көрсетілген медициналық қызметтердің сапасына бақылау қалай жүргізіледі? Оңалту бөлімдеріне қыруар қаржы бөлудегі мақсат не? Осы және өзге де өзекті сауалдарға «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалы директорының орынбасары Айнагүл ДӘУЛЕТШИНА жауап берді.
Елорда • 23 Қазан, 2020
Ширек ғасырға жуық меженің шекарасын аттап, еңсесін тіктеген елордада әлеуметтік сала төңірегінде атқарылып жатқан ілкімді істер жетерлік. Еңбектеген баладан, еңкейген қартқа дейінгі аралықтағы маңызды мәселелер мен күрмеуі қиын күрделі шаруалар да шешімін тауып келеді. Жетімін жетелеп, жесірін жерге қаратпай, үйсізге үміт, күйсізге күліп қарайтын мейірімді мегаполисіміз бауыр басқанға да, сасқанға да сая болуда. Ендеше, елорда төріндегі дертке шалдыққандарға демеу болатын орталықтар мен мейірімді мекемелердің атқарып жатқан қызметтеріне атбасын тіреп көрсек.