Кәсіпқой бокс • 15 Қазан, 2023
Жәнібек екінші белбеуді еншіледі
Кәсіпқой бокстың орта салмағында жаңа шоқжұлдызға айналып келе жатқан отандасымыз Жәнібек Әлімханұлы кеше күллі қазақ жұртын қуантып, тағы бір маңызды жекпе-жегінде жеңіске жетті.
Футбол • 15 Қазан, 2023
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Еуро-2024 іріктеу кезеңі аясындағы жетінші тур ойнын Дания құрамасымен өткізіп, 3:1 есебімен жеңіліп қалды. Копенгагендегі жергілікті «Паркен» стадионындағы матчта жерлестеріміз елордадағы камбэкті қайталай алмады.
Олимпиада • 15 Қазан, 2023
Шымкент қаласы өз алдына бөлек мегаполис атанғалы үлкен спорттық додада тұңғыш рет үлкен нәтижеге қол жеткізіп отыр. Айтпақшы болғанымыз – кешегі Қытайда өткен ХІХ Азия ойындары. Осы дүбірлі жарыста Қазақстан 10 алтын, 22 күміс, 48 қола медаль еншіледі. Соның ішінде 5 алтын, 10 күміс, 11 қола медаль – Шымкенттің үлесінде. Осыншама жүлде бойынша мегаполис алтын, күміс, қоланың саны жағынан республика өңірлерінде бірінші орын алды.
Қазақстан • 15 Қазан, 2023
15 қазанда сағат 10:40-та Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының Маңғыстау облысы бойынша балық инспекциясы басқармасы қызметкерлері Каспий теңізінің жағалауына мониторинг жүргізу барысында Түпқараған ауданында Баутино ауылының маңында 25 өлі итбалық ұшасы мен 33 дана бекіре тұқымдас балықтарды тапқан.
Аймақтар • 15 Қазан, 2023
Петропавлдағы «Қызылжар» арнайы экономикалық аймағына инвестиция салып, Германияның жоғары сапалы ауыл шаруашылығы техникаларын шығаруды қолға алған кәсіпорындардың бірі «Reimann» ЖШС. Оның Петропавлда тіркелгеніне бір жарым жылдай уақыт болды. Директоры – Владимир Ковшов.