Тұлға • 29 Қазан, 2023
Кешегі кеңестік кезеңде қаншама тұлғаларымыз аудан, облыс, республика, одақ көлемінде маңызды әрі жауапты қызметтер атқара жүріп, ел игілігі үшін аянбай еңбек етті. Олардың атқарған еңбегін жұрты ұмытпақ емес. Сондай тұлғаларымыздың бірі – Арал аудандық партия комитетінің үшінші, екінші, бірінші хатшысы, Қызылорда облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы қызметтерін атқарған Тәкей Есетұлы Есетов.
Елорда • 29 Қазан, 2023
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті жанындағы «Кәусар» мәдени-танымдық бiрлестiгiнде ақын, Қазақстан Жазушылар одағы басқарма төрағасының орынбасары, филология ғылымдарының докторы, профессор Бауыржан Жақыппен кездесу кеші болып өтті.
Қоғам • 29 Қазан, 2023
Костенко шахтасында 45 кеншінің мәйіті табылды
Сағат 20.00-дегі жағдай бойынша 45 кеншінің денесі табылды, 1 кеншіні іздеу жалғасып жатыр. Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Жануарлар • 29 Қазан, 2023
Өскен жерге сыймай кетіп барады...
Кейінгі аптада әлеуметтік желілерде еліміздің аумағында киіктердің бей-берекет ауланып жатқаны туралы алыпқашпа әңгімелер үдеп кетті. Жарияланымдардың бірінде киіктердің ішек-қарыны, басқа да қалдықтары қалай болса солай шашылып жатқаны көрсетілсе, тағы бір видеода 40-50 киікті көлікке тиеп алған азаматтарды полицияның тоқтатқаны байқалады. Әрине, киік санын азайту шаруалар мүддесін көздеген мәжбүрлі шара екенін көпшілік түсініп отыр. Алайда көлденең әңгіме көбеймес үшін жабайы жануарды аулау үдерісі ашық жүргізілуі қажет. Бүгінге дейін қанша киік ауланды? Оның еті кәдеге қалай жаратылады? Мүйізі қайда өткізіліп жатыр? Одан қанша қаражат түседі? Киіктің браконьер олжасына айналмайтынына қандай кепілдік бар? Өкінішке қарай, бұл сұрақтарға Экология және табиғи ресурстар, Ауыл шаруашылығы министрліктері, құқық қорғау органдары тарапынан мардымды ақпарат болмай тұр. Киік мемлекеттің байлығы саналатындықтан, бұл мәселеге қатысты іс-шаралар айқын да ашық жүргізілуге тиіс. Сонда көпшіліктің көңілінде де күмән болмас еді. Яғни Үкімет киікті аулаудан бастап, іске жаратуға дейінгі тетікті халыққа көрсетіп, бұл істің осы талапқа сай жүргізілуін қатаң сақтауға тиіс.
Футбол • 29 Қазан, 2023
Футболдан Конференция лигасының топтық кезеңінде ойнап жатқан елорданың «Астанасы» кезекті тур бәсекесін Косовада өткізіп, алғашқы жеңісіне қол жеткізді. Сырт алаңда жергілікті «Балкани» командасымен шеберлік байқасқан жерлестеріміз қарсыластарынан 2:1 есебімен басым түсіп, алғашқы үш ұпаймен жанкүйерлеріне үміт сыйлады.