Тарих • 11 Қазан, 2017
Ырғайлы сайдағы құпия жазу сапары
Астымыздағы жол таңдамайтын жеңіл көлік ышқына гүрілдеп, солтүстік жақты нысанаға алып бар жылдамдықпен зымырап келеді. Басты бағытымыз – тамыры тереңге жайылған, тарихы талайды тамсандырған Жаркент өңірінің Жетісу Алатауы. Іссапарымыздың негізгі мақсаты – әзірге бізге белгісіз аталмыш тау қойнауындағы жартаста жазылған «Беймәлім жазуды» көзбен көріп, суретке түсіріп қайту.
Футбол • 11 Қазан, 2017
Мессидің үш голы Аргентинаны әлем чемпионатына алып шықты (видео)
Футболдан 2018 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Аргентина құрамасы сырт алаңда Эквадор командасымен күш сынасты. Тартысты кездесуде «альбиселесте» ұжымы 3:1 есебімен жеңіске жетті.
Тарих • 11 Қазан, 2017
Амангелдінің пейілінің кеңдігі мен парасатының кемелдігін Қаныш Сәтбаевқа, біреуге тек «болсын» дейтін шапағатын Ахмет Жұбановқа, өзгені жанындай сүйіп, өз халқының өнерін бәрінен биік санайтын ұлтжандылығын Ильяс Омаровқа ұқсатып, қаршығадай жұтынған тар кеудесіне қалайша үлкен жүрек біткен деп, сәулелі ойға шуақтаймын. Бұл оны аспандатар мадақ емес. Бітімі солай. Онымен әр сұхбатым – өмірдің бір ләззатты тынысы.
Әдебиет • 11 Қазан, 2017
Өз ақындарымызды бағаламай келеміз
Бізде соңғы екі-үш ғасырдағы жауһар сөз зергерлерінің шығармашылығын танып-білуде өзге елдермен салыстырғанда жетістіктер бар. Мысалы, Еуропа мен Америка елдерінің әдебиеті туралы сол ел ғалымдарының еңбектері мен замандас қазақ әдебиеті жайлы қазақ ғалымдарының зерттеулерін салыстырсақ, арасалмақ бірден аңғарылады. Франсуа Вольтер, Оноре де Бальзак, Вальтер Скотт, Теодор Драйзер, Роберт Бэрнс сияқты классиктер шығармаларының өз еліндегі ғылыми зерттеулерге арқау болмағандығы белгілі.
Әдебиет • 11 Қазан, 2017
Алтыншы сыныпқа көшкен жылы астанаға ырыздығы мол, берекелі күздің келгені әлі күнге есімнен кетпейді. Көңілімді арбаған сағымдай жоғалып, көзден бұл-бұл ұшқан ол замандағы Алматы мүлде бөлек, басқа қала болатын. Ұйқыдан тұрып, терезені ашқанда, бүгінгідей қолқа қабатын көк түтін емес, тау жақтан соққан салқын самалмен бірге тынысыңды ашып жіберетін жұпар иіс келетін. Үйіміздің жанынан ағып жататын арықтардың суын шалпылдатып, бүкіл ауланы басына көтеріп шулаған балалардың дауысы тәтті ұйқыңнан оятып жіберіп, күн алтын тостағандай жарқырап, қызық думанға шақырып қоңыраулатып, дүниені шаттыққа бөлейтін. Бұрымдары тарқатылып кеткен ағаштардың жапырақтары да кеңес құратындай, бір-бірімен күні бойы сыбырласып-сыбдырласып жатушы еді.