Қоғам • 15 Қазан, 2024
Жаңа жыл қарсаңындағы қарбалас болуы керек. «Егеменнің» есігінің алдынан жарқырай күліп, жадырай сөйлеп келе жатқан Жылқыбай ағаны кездестіріп қалдық. Ерекше көңілді екен. Әдеттегіше ағалық қамқор көңілімен Қарқаралының хабары мен ата-ана амандығын біліп, хал-жағдай сұрап, бәйек болды. Біз де ағаны зейнетке шыққаннан кейінгі көргеніміз осы болғандықтан қуанып, жақсымен жүздесуден соң бір жасап қалған едік. Аға сонда алдағы жылдың күзінде 70 жасқа толатынын, мерейтойына орай бірнеше кітабының тұсауы кесілетінін айтып, сүйінші жаңалығымен бөліскен-тін...
Руханият • 15 Қазан, 2024
Біз әуелі университеттің сенбілігінде кездестік. Жоғары курс студенттері әр жаңа топқа бақылаушы әлде жетекші болып бекітілген бе, Тәкең біздің қасымыздан табылды. Осы күні қалың тоғайға айналған Шашкин көшесі жақ 90-жылдардың ортасында ашықтау еді. Ұйысып жатқан жапырақ жоқ, тиесілі тапсырманы тез орындап, отырғызатын ағаш түптері келгенше демалып алмақпыз. Талғат күрекке сүйеніп тұрып сөзге тартты.
Зерде • 15 Қазан, 2024
Бұл мақаланы жазуыма белгілі мемлекет және қоғам қайраткерлері, қызылордалық Биғали Қаюпов, Бақберген Досмамбетов, Нажімәдин Мұсабаев, Жарылқасын Шәріпов, Мұрат Мұхамбетов, Бекмырза Еламанов, Имамадин Оңғарбаев, тағы басқа қадірлі інілерім себепкер болды.
«Таза Қазақстан» • 15 Қазан, 2024
Мемлекет басшысы ұйытқы болған «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында Солтүстік Қазақстан облысында елді мекендердің, ормандардың, саябақтар мен скверлердің аумағын тазарту жұмысы жүйелі жүргізіліп келеді.
Тарих • 15 Қазан, 2024
Тегінде бар тегін болсын ба? Қайсыбір жылы жас күнімнен бергі арманымның біріне қанат байланып, телеарнадан хабар жүргізе бастадым. Мақсат – ұлт өміріне қатысты рухани, рухи әлемге кең өріс беру, түрлі тақырыпта терең, интеллектуалды әңгіме өрбіту, айналып келгенде өзім әу бастан құмыға кірісіп, ақпараттық айналымға ендірген «Тұлғатану» жобасының мазмұн-мағынасын байыту, байтақтандыру. Бұл мақсатыма жеттім. 55 хабар дайындалды. Соның бірі – «Өзағаңның өнегесі». Хабарға қатысатын жолдастарды іріктегенде, ең алдымен, Ғайникен Айдарханқызы Бибатырова есіме түсті. Неге деңіз?