Қоғам • 31 Қазан, 2022
Өрт қауіпсіздігіне сақадай сай
Жетісу облысында төтенше жағдай кезіндегі оқыс жағдайлардың алдын алу шаралары жүзеге асырылды. Орман өрті былтырғымен салыстырғанда аз. Әйтсе де 5 мың тұрғын үйде өрт қауіпсіздігінің бұзылуы анықталып отыр. Оның алдын алу үшін 2025 жылға дейін Талдықорған және Текелі қалаларында, Көксу және Алакөл аудандарында 4 өрт сөндіру депосын салу жоспарланған. Бұл жайында Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин өңір жұртымен кездескенде мәлімдеді.
Қоғам • 31 Қазан, 2022
Заңды білмейтіндер зар илеп жүр
Кейінгі жылдары теңгенің құнсыздануына байланысты халықтың тұрмысы төмендеп, көптеген азамат екінші деңгейдегі банктер мен микроқаржы ұйымдарынан қыруар кредит алып, қарызға белшеден батқаны мәлім. Осыған орай Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылғы 26 маусымда «Қазақстан Республикасы азаматтарының борыш жүктемесін азайту шаралары туралы» Жарлыққа қол қойып, бұрын-соңды болмаған əлеуметтік көмек көрсету туралы шешім қабылдаған еді.
Аймақтар • 31 Қазан, 2022
Тұрғындардың әлеуметтік-тұрмыстық ахуалын жақсартуға септігін тигізетін инфрақұрылымның бірі – жол. Алайда бұрын пайдалануға берілген, тіпті жаңадан салынып жатқан жолдың кейбірі талапқа сай емес. Мәселен, биыл Атырау облысындағы жолдарда 300-ден астам ақау анықталды. Ал мұнайлы шаһардан Ресей Федерациясының Астрахан өңіріне бағыт алған жол құрылысында 61 ақау табылған.
Медицина • 31 Қазан, 2022
Альцгеймердің алдын алуға болады
Бұл күндері жасына жетпей жаңғалақтық, ұмытшақтық, дегбірсіздік сияқты ахуалға душар болғандар көбейген. Деменция, альцгеймер дейтін дертке шалдыққандар саны артып барады. Науқастардың басым бөлігінде осы кеселдердің белгілері анық байқалса да, денсаулығындағы кінәраттарға дер кезінде мән бермегендіктен, дәрігердің алдына шарасы қалмағанда бір-ақ барады.
Медицина • 31 Қазан, 2022
Саналы адам үшін денсаулыққа жететін байлық жоқ. Еліміз түгілі әлемді әбігерге салған індет іргемізге келгенде сау күніміздің қадірін одан сайын түсінгендей болдық. Қалай десек те, ауру атаулының жақсысы болмас. Бұрын тек қана үлкендерде кездесетін дерт, бүгінгі таңда жастар арасында да етек алып жатқаны алаңдатады. Дейтұрғанмен, сан түрлі аурудың емдеу жолдары да дамыған. Соның бірі – донор болу. Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығы мамандарының мәліметінше, биыл Астана қаласы бойынша 97 жылжымалы акция ұйымдастырылып, оған 3 678 адам қатысып, қан тапсырған.