Әлем • 30 Қазан, 2022

Қару-жарақ дауы

347 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

АҚШ-тың Демократиялық партиясының депутаты Ричард Блю­менталь Сауд Арабиясы АҚШ-тың құпия қорғаныс технология­сын Ресеймен бөлісуі мүмкін екенін айтып, осы мәселеге қатысты алаң­даушылық білдірді. «Бұл бізге «кері әсерін» тигізуі мүмкін», деп дабыл қақты сенатор Ричард Блюменталь.

Қару-жарақ дауы

Бұған дейін саясаткер ОПЕК+ ұйы­мының мұнай өндіруді қысқарту туралы шешімі аясында Сауд Арабиясына әскери тех­нология­лар беруді тоқтатуды ұсынып, Пен­тагонмен келіссөз барысында бұл мәселені тереңірек зерттеуге ниетті екенін айтқан болатын. The Guardian басы­лымына берген сұхбатында Блю­менталь АҚШ-тың Эр-Риядтағы серіктестерімен бөліскен техно­логияның Ресейге әшкере болмауын қадағалайтынын, бір жа­ғынан алаңдайтынын айтты. «Біз Пентагонмен әлі де келіссөз жүр­гізіп, кеңесеміз, олармен қару-жарақ жүйесінің озық технологиясын берген жағдайда, қандай шара қолданатыны немесе оның алдын алу туралы ашық сөйлесеміз», деді ол сұхбатында.

Сенатор сондай-ақ Сауд Арабия­сындағы және әлі де транзитте жатқан қаруды Украинаға беру туралы ұсынысты қолдайтынын атап өтті. Дегенмен бір­қатар сарапшы Киевке қару-жарақ беру қиынға соғып, қақтығыстың шие­ленісуіне әке­летінін атап өтті. Өз кезегінде Блю­мен­таль украиндық жауынгерлерді елден тыс жерлерде даярлауға болатынын айтты.

Қару-жарақты бақылау қа­уым­дас­тығының аға ғылыми қыз­меткері Джефф Абрамсон Сауд Арабиясының ондаған жыл бойы АҚШ-тың әскери техникасын, соның ішінде заманауи қару-жарақ жүйелерінің негізгі сатып алушысы болғанын атап өтті. Бұған дейін Сауд Арабиясының Қорғаныс министрі Халед бен Салман Әл Сауд «Украинадағы қақтығыста Ресейді қолдады» деп еліне тағылған айыптарды негізсіз деп мәлімдеген болатын.

Ал ОПЕК-тің келесі айда мұнай өндіруді күніне 2 млн баррельге қыс­қарту туралы шешімі Сауд монархиясы мен Вашингтондағы демократтар арасындағы келіспеушілікті тереңдете түсті.

Эр-Риядтың Украинамен қақ­тығыста оның Ресей жағына шығуын, жанармай құю бекет­теріндегі жанармай бағасын көтеруін АҚШ билігі келесі айда өтетін маңызды ара­лық сайлау алдында Джо Байден мен демократтарға кері әсер етілді деп санайды. Бай­ден де, оның Конгрестегі Демо­кратиялық одақтастары да бұл қадамға көңілі толмайтындықтарын білдірді. АҚШ президенті Сауд Арабия­сының бұл қадамына «жауап» болаты­нын ескертіп, Сауд Арабиясын АҚШ-пен қа­рым-қатынасын өзгертуге шақырды. Өткен жексенбіде Ақүйдің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңес­шісі Джейк Салливан президент Байден ірі мұнай өндіруші елмен қауіпсіздік жағынан көрсетілетін көмек арқылы есесін қайтаратынын айтты. Алайда дәл сол күні Сауд Арабия­сының қорғаныс министрі Халид бен Салман Twitter-де ОПЕК+ мұнай өн­дірісін қысқарту туралы шешімді «таза» экономикалық себептермен бірауыздан қабылданғанын айтып, пікір білдірді. Ал бұл шешім­ге қатысты Пен­тагон әлі ресми тү­сініктеме берген жоқ.

АҚШ-тың Демократиялық партия­сының депутаты Ричард Блюменталь Ресейдің Эр-Риядтағы америкалық серік­тес­термен бө­лісетін құпия технология­ға қарсы болғанымен қазіргі уақытта Сауд Арабиясында және Украинадағы одақтастарына қару-жарақ беру туралы ұсыныстарды қолдайтынын мәлімдеді.

Сауд Арабиясының қару-жарақ сатылымын зерттеген Йель менеджмент мектебінің профессоры Джеффри Соннен­фельд соңғы бес жылда Американың ең сезімтал қару-жарақтары Сауд Арабиясына жөнелтіліп отырғанын айтты. «Біз­де Канада, Ұлыбритания, Израиль және Аустралияны қоса алғанда, Сауд Арабиясы сияқты бірегей қауіпсіздік серіктестігі бар одақтастарымыз жоқ», деді ол The Guardian-ға берген сұх­батында. Ал екі ел арасындағы қару-жарақ туралы келісімдер 2017 жылы Трамп әкімшілігі тұсында басталған еді.