Туризм • 16 Қазан, 2022
Қолөнер – туризмнің ажырамас бөлігі
Алматыдағы Орталық мемлекеттік музейде өткен Халықаралық қолөнершілер форумы осы кәсіппен шұғылданатын еліміздің ең таңдаулы шеберлері мен шетелдік сарапшылардың басын қосты. Форумға Қазақстанның барлық аймағынан, сонымен бірге Еуропа мен Орталық Азия елдерінен 150-ден аса шебер-қолөнерші қатысты. Қазақстан қолөнершілерін толғандырар мәселе көп, сондықтан халықтық қолданбалы өнер өкілдері кездескен жерде жиынның іскерлік сипат алатыны белгілі. Себебі қолөнершінің қай өңірден екеніне қарамастан, олардың өнеріне демеу болып, құшақ жайып қарсы алатын алаңдар аз, ақысыз қатысатын көрмелер, кәсібін кеңейтуге қолайлы әлеуетті әріптестер жоқтың қасы, билік орындары қажет болған кезде ғана оларды іздеп, антураж ретінде пайдаланып, басқа уақытта ұмыт қалдыруға үйренген, ал халықаралық алаңдағы қызу сауда туралы сөз қозғаудың өзі артық.
Туризм • 16 Қазан, 2022
Сабындыкөлде сауықтыру орталығы салынады
Баянауылдық кәсіпкерлер қысқы туризмді дамытуға ниеттеніп отыр. Қыста саяхаттап келетіндер үшін мұнда келешекте бұғы мүйізі – пантамен емдеу орны және кварцты құм төселген спорт алаңдары тұрғызылмақ. Жыл бойы қызмет көрсететін сауықтыру кешені Сабындыкөл жағасында салынады деп жоспарланған.
Әдебиет • 16 Қазан, 2022
«Классик – оқылмаса да мақталатын адам, – дейді Честертон, – мұның ешбір әбестігі жоқ, бұл бар болғаны адамзаттың талғамы мен пікіріне деген құрмет қана». Адамзат баласы – алты құрлық, төрт мұхит тұтас оқып, толымды пікірін қалыптастыру үшін кемі ғасыр керек болар. Ол он жылдың ар жақ-бер жағындағы әңгіме емес. Кейде әлемдік әдеби сыйлықтарды есім-сойы белгісіз қаламгерлер алып жатқандай көрінетіні бар ғой. Себебі ол және оның басты шығармалары бізге жете қойған жоқ. Сондықтан сөге сөз айтудың өзі сөкет дүние.
Футбол • 16 Қазан, 2022
Футболдан Қазақстан чемпионаты мәресіне жақындаған сайын командалар арасындағы жоғары орындарға талас-тартыс қыза түсті. Қазақстандық даңқты футболшы және жаттықтырушы Ваит Талғаевтың құрметіне өткен XXIII турда отандық футбол жанкүйерлері «Тобыл» мен «Ақтөбе», «Қайрат» пен «Астана», «Каспий» мен «Мақтаарал» және тағы басқа клубтар арасындағы тартысқа толы қызықты матчтардың куәсі болды.
Спорт • 16 Қазан, 2022
Дзюдодан Ташкентте өткен әлем чемпионаты аяқталған бетте IJF рейтингі қайта жаңартылды. Бұл жарыста Қазақстанның ерлер құрама командасы мүшелері арасынан ең үздік нәтиже көрсеткен Елдос Сметов екені белгілі. Аса жеңіл салмақта күрескен ол қола медальді мойнына ілді. Соның арқасында қандасымыз бірден 22 сатыға жоғарылап, қазіргі кезде 16 орынды иеленуде.