Үкімет • 10 Қазан, 2018
Жаңа кешеннің құрылысы басталады
Кеше Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев пен Сербия Республикасының Президенті Александр Вучич «БК Тесла Парк» көп функциялы тұрғын үй кешенінің болашақ құрылысы жүргізілетін орынға капсула салды, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.
Қазақстан • 10 Қазан, 2018
Үкімет отырысында Жолдауды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының жобасы мақұлданды
Кеше Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Мемлекет басшысының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауын жүзеге асыру бойынша Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасы қаралды.
Әлем • 10 Қазан, 2018
Бүгін Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VI съезі басталады
Бүгін Астанада Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VI съезі басталады. Еліміздегі айтулы шараға қатысатын әлемдік деңгейдегі көшбасшылардың есімдері қазірдің өзінде белгілі және олардың алды елордамызға келе бастады. Жалпы, Қазақстан Президенті Н.Назарбаев идеясы бойынша бастау алған әлемдік жиын бұған дейін әрқашан жаһандық оқиғалардың шиеленісіп жатқан уақытында өткізілгені белгілі. Бүгінгі күні де әлемдік ахуал күрделеніп тұр. Жуырда еліміздің өкілдері БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің отырысына қатысқан уақытта әлемдегі қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету жолында діни лидерлер мен әлемдік саясаткерлердің күш-жігерін біріктіру мәселесінің де өзекті екендігін мәлімдеді. Сонымен кеше Астанада Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі Хатшылығының ХVII отырысы өтті.
Президент • 10 Қазан, 2018
Кеше Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ақордада Сербия Республикасының Президенті Александр Вучичпен кездесті. Салтанатты қарсы алу рәсімінен кейін тараптар шағын құрамда екіжақты қарым-қатынастар мен халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелерін талқылады.
Otbasylyq jáne jeke basynyń jaǵdaıyna baılanysty Germanıadaǵy oqýynan eriksiz qol úzip, týǵan jerge oralǵan Ǵabıt Nurhanuly esimdi azamattyń feısbýktegi jazbasy kóńilge túrli oı saldy. Elimizdegi densaýlyq saqtaý salasyndaǵy kóptegen túıtkildi synaǵan avtor nemis halqynan kóp nárseni úırenýimiz kerek deıdi.