Заң • 10 Қазан, 2024
Сот жүйесін реформалау туралы заң жобасы қабылданды
Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен палатаның жалпы отырысы өтті. Жиында депутаттар сот жүйесін реформалау және процестік заңнаманы жетілдіру туралы заңды екінші оқылымда қабылдады. Сондай-ақ Қазақстан мен Қатар үкіметтері арасындағы әскери ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялады.
Үкімет • 10 Қазан, 2024
Заң шығару саласында тәжірибе алмасудың маңызы
Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев Оңтүстік Корея Ұлттық Ассамблеясының спикері У Вон Шикпен кездесті. Кездесуде тараптар заң шығарушы органдар арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту мәселелерін талқылады.
Қоғам • 10 Қазан, 2024
«Самұрық-Қазына» АҚ мен Ғылым министрлігі бірлесе әрекет етпек
Бұл туралы «Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов пен Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің Астанада өткен кездесуі барысында айтылды. Ұлттық әл-ауқат қоры аталған министрлікпен бірлесіп ғылыми жобаларды әзірлеуді жоспарлап отыр.
Саясат • 10 Қазан, 2024
Діни диалог және жастар әлеуеті
Астанада «Ортақ болашақ жолында: жас көшбасшылардың дінаралық диалогті нығайтудағы рөлі» тақырыбына арналған алғашқы Жас діни лидерлер форумы өтті. Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезі аясында ұйымдастырылған іс-шараға әлемнің 30-дан аса елінен келген делегаттар қатысып, қазіргі таңдағы өзекті мәселелерді бірлесіп шешу жолдарын талқылады. Отырыстың нәтижесінде жас дін лидерлерінің бірлескен үндеуі қабылданып, алдағы ортақ жұмыстың басым бағыттары белгіленді.
Қоғам • 10 Қазан, 2024
Былтырдан бері елімізде қандастарды шоғырландырып, мемлекеттің экономикалық ахуалының нығаюына серпін беру бағытында «Ата жолы» картасы енгізілді. Ілкімді жоба аясында елуден астам қандасымыз атажұртқа табан тіреп, ел өміріне, қызу еңбекке белсене араласып кетті. Ресей, Қытай секілді көршілес елдерден ғана емес, АҚШ, Еуропа елдеріндегі қандастарымыз да карта алуға ықылас танытып отыр.