Үкімет • 10 Қазан, 2024
Парламентаралық байланысты күшейту пысықталды
Корея Республикасы Ұлттық Ассамблеясының төрағасы У Вон Шик Астанаға ресми сапармен келді. Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановпен кездесуде тараптар екі ел арасындағы парламентаралық байланысты нығайту мәселесін талқылады.
Үкімет • 10 Қазан, 2024
Этносаралық келісім – басым бағыт
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Президент Әкімшілігінің құрылымдық бөлімшелер басшылығының және орталық мемлекеттік орган өкілдерінің қатысуымен этносаралық келісімді нығайту мәселесіне қатысты жиын өткізді.
Пікір • 10 Қазан, 2024
Кеңесіп шешкен істің берекесі болады
АЭС салудың дұрыс-бұрысын маман болмаған соң, біз айта алмаймыз. Бірақ ел болашағы талқыға түсіп жатқан науқаннан кез келген адам сырт қалмауға тиіс. Өйткені кешегі референдумда еліміздің ертеңгі бағыт-бағдары айқындалады. Билік маңызды қадамды халықпен бірге ойласып шешуді мақсат тұтты.
Энергетика • 10 Қазан, 2024
Энергетикалық келешектің оңтайлы шешімі
Елдегі электр генерациясының негізгі үлесін көмір электр стансалары қамтамасыз етеді. Бұл әдіс салыстырмалы түрде арзан болғанымен, экологияға үлкен зиян келтіреді. Сарапшылардың айтуынша, парниктік газдар, күкірт пен азот оксидтері, бөлшек шығарындылары ауаның ластануына, климаттың өзгеруіне, халықтың денсаулығына едәуір қауіп төндіреді. Атом стансалары болса, жұмыс кезінде көмірқышқыл газы мен басқа да парниктік газдарды шығармайды. Жаһандық жылыну мәселелеріне қарсы күресте ядролық энергияны маңызды құралға айналдырған да – осы қасиеті. Әсіресе көмір мен мұнайды кеңінен пайдаланатын елдерге экологиялық жүктемені азайтуға әжептәуір септігін тигізген.
Энергетика • 10 Қазан, 2024
Көпшілік АЭС-тің пайдасы мен тәуекелін түсінді
Отандық атом энергетикасы жүйесін қалыптастырудағы маңызды әрі әдепкі белес саналған референдум өтіп, алдын ала сауалнама қорытындысында ел халқының басым бөлігі елде атом энергия стансасын салуды жақтап дауыс берді. Көпшілік атом энергиясының маңызын түсініп, сеніп отырған сыңайлы. Алаң да жоқ емес. Алайда Мемлекет басшысының АЭС құрылысында «ең озық технологиялары бар әлемдік компаниялардан құралған халықаралық консорциум жұмыс істеуі қажет» деген сөзі біраз күдікті сейілтсе керек.