Пікір • 10 Қазан, 2024

Кеңесіп шешкен істің берекесі болады

63 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

АЭС салудың дұрыс-бұрысын маман болмаған соң, біз айта алмаймыз. Бірақ ел болашағы талқыға түсіп жатқан науқаннан кез келген адам сырт қалмауға тиіс. Өйткені кешегі референдумда еліміздің ертеңгі бағыт-бағдары айқындалады. Билік маңызды қадамды халықпен бірге ойласып шешуді мақсат тұтты.

Кеңесіп шешкен істің берекесі болады

Фото: Olympic.kz

Тараз қаласының тұрғындары референдумға белсенді қатысты. Қара­пайым қазақ баласы ретінде нау­қаннан мен де қалыс қала алмадым. Өйткені ел ертеңі үшін жасалып жатқан кез келген қадамға азамат ретінде үн қатуымыз керек. Таңдау жасау – борышымыз.

Қалай болған күнде де Прези­дент ең өзекті мәселені халықпен кеңесіп, жұрттың көз­қарасын біліп барып шешуге бел буғаны қуантады. Тәуелсіз еліміздің болашағы талқыға түсіп жатқан кезде елін сыйлайтын кез келген азамат сыртта отырып тон пішпесе керек. Әрбір адам өзінің конституциялық құқын пайдаланып, дауыс бергені сөзсіз. Өйткені барлық отандасымыздың таңдауы мемлекет үшін маңызды.

Жүрегі елім деп соққан аза­маттың барлығы референдум учас­кесіне барды деп ойлай­мын. Мен де мекен­жайым бойын­ша қаладағы №41 мектепте ор­наласқан №82 референдум учас­кесіне арнайы барып, өз таң­дауымды жасадым. Тәуелсіз еліміз­дің ертеңі жарқын, баянды болсын.

 

Елдос СМЕТОВ,

Париж Олимпиадасының чемпионы