Қазақстан • 27 Қазан, 2022
Баспасөздің басты проблемасы қандай?
Елордада Astana Media Week-2022 апталығының екінші күнінде де ақпарат саласына қатысты маңызды мәселелерге кезек беріліп, мазмұнды кездесулер өтті. Бұл күні сала өкілдері сериал индустриясының жаңа кезеңі, жарнама нарығының болашағы, радио хабар таратудың жай-күйі, журналистердің кәсіби құзіретінің өзгеруі және басқа да тақырыптарды қызу талқылады. Сонымен қатар бас редакторлар форумында баспасөздің келешегі туралы пікір алмасты.
Саясат • 27 Қазан, 2022
Арал мәселесі Еуропа назарында
Сенат Төрағасының орынбасары Асқар Шәкіров ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының Экономикалық мәселелер, ғылым, технология және қоршаған орта жөніндегі комитетінің кеңесіне онлайн түрде қатысып, сөз сөйледі. Онда ЕҚЫҰ өңіріндегі экономикалық және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің өзекті мәселелері талқыланды.
Үкімет • 27 Қазан, 2022
Рақымшылықтың жауапкершілігі бар
Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палата отырысы өтті. Депутаттар жиын барысында екі заң жобасын қабылдады. Атап айтқанда, Парламент депутаттары бастамашылдық жасаған «Рақымшылық жасау туралы» құжат талқыланды.
Президент • 27 Қазан, 2022
Қырғызстанның Қазақстандағы мәдениет күндерінің ресми ашылуы өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровпен және Еуропалық Кеңес Президенті Шарль Мишельмен бірге Қырғызстанның Қазақстандағы мәдениет күндерінің ресми ашылу шарасына қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz Президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан • 27 Қазан, 2022
Алатаудай алып құстың қос қанатын жайлаған қазақ пен қырғыз бауырластығы – қадым заманнан ән мен жырға, аңыз бен шығармаға айналған. Жыр алыбы Жамбылдың: «Екі өркеші түйенің, екі емшегі биенің, қазақпенен қырғызым, нағашым мен жиенім» деген өлеңі тереңнен тамыр тартқан аталы сөз. Бір-біріне сәуле түсіріп, сын сағатта ұлт тағдырын зерделеген Әуезов пен Айтматов биігі – екі елдің әзелгі туыстық ұранын одан әрі айқындай түскендей.