Аймақтар • 12 Қазан, 2022
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес өңірде қант қызылшасы алқабын ұлғайтуға айрықша назар аударылып отыр. Тіпті 2026 жылға дейін арналған кешенді жоспар да әзірленген. Бүгінде өңірде қант қызылшасының егіс алқабын кеңейту арқылы шикізат базасын ұлғайту, жаңа суармалы жерлерді пайдалануға басымдық беруге айрықша ден қойылған. Жиналған тәтті түбірді дер кезінде өңдеуді зауыт басшылары қатаң қадағалауға ниеттеніп отыр.
Спорт • 12 Қазан, 2022
Өткен аптада Болгарияның Пловдив қаласында күрес түрлерінен ардагерлер арасындағы әлем чемпионаты аяқталды. Аталған дүбірлі додада Қазақстан құрамасының балуандары да өнер көрсетіп, бозкілемде бас жүлде үшін белдесті.
Үкімет • 12 Қазан, 2022
Тәжікстан Республикасының Президенті бірқатар ірі шараға қатысу үшін елімізге келді
Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмонды елорда әуежайында ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов қарсы алды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Елорда • 12 Қазан, 2022
Ел астанасында кеңес кезеңінде қуғын-сүргінге ұшыраған қазақ зиялыларының тағдырынан сыр шертетін құнды құжаттар мен заттар қойылған көрме ашылды. Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығында өтіп жатқан «Алжир – ұрпақтар есінде» жылжымалы көрмесі өткен ғасырдың 30-50-жылдардағы тарихи оқиғаларды ұмытпауды, ауыр трагедияның қайталануын болдырмау үшін жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік пен адамгершілік қасиетін қалыптастыруға ықпал етуді мақсат етіп отыр.
Қоғам • 12 Қазан, 2022
Орал қаласында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, Қазақстан композиторлар одағының мүшесі Донеділ Қажымовтың халықаралық «Ақжайық – ару мекенім» ән байқауы өтті.