Экономика • 27 Қазан, 2022
Ұлттық банк базалық пайыздық мөлшерлемені тағы да жоғарылатып, жылдық 16 пайызға көтерді. Инфляцияның ырық бермеуі осылай істеуге мәжбүрлеп отыр. Бас қаржылық қадағалаушының мәлімдеуінше, бұл шешім мөлшерлеме траекториясын түзетеді, ол алдыңғы шешімдер мен коммуникациялар бойынша айқындалған бағыт пен қарқынды сақтайды. Мөлшерлеменің артуы өсіп отырған инфляциялық қысымды көрсететін факторлардың жиынтығына байланысты. Қазір еліміздегі инфляция деңгейі – 17,7 пайыз.
Аймақтар • 27 Қазан, 2022
Биыл еліміздегі ең алғашқы Достық үйінің ашылғанына 30 жыл толды. Атаулы дата Республика күні мейрамымен қатар келді. Достық үйінде өткен салтанатты жиында қоғам бірлігін сақтауға үлес қосқан белсенді азаматтарға құрмет көрсетілді.
Қоғам • 27 Қазан, 2022
Әлемде экономикадағы болжамсыздық пен күрделі геосаяси ахуалдың қалыптасуы Қазақстанды да сырт айналып өткен жоқ. Ол Жер шарының көптеген халқының болашаққа деген сенімі мен үмітін сағымдай етті.
Білім • 27 Қазан, 2022
Берлин техникалық университетінің филиалы
Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің базасында Берлин техникалық университетінің филиалы ашылады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауын іске асыру мақсатындағы министрліктің бұл бастамасын бүгінде ШҚТУ-дың профессор-оқытушылар құрамы қолдап отыр.
Білім • 27 Қазан, 2022
Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданының Щапово ауылында Бауыржан Момышұлы атындағы 420 орындық жаңа мектеп ғимараты пайдалануға берілді.