Аймақтар • 27 Қазан, 2022
Абай облысында Республика күніне орай пәтер кілттері беріліп, спорттық-мәдени нысандар ашылды. Сондай-ақ ағаш көшеттері егіліп, өңірдің жасыл белдеуін ұлғайтуға байланысты жұмыстар қолға алынды.
Таным • 27 Қазан, 2022
Корея Республикасы – небәрі 70 жылда қарқынды дамып, «Азия жолбарысы» мен «Ханган өзеніндегі экономикалық ғажайыпқа» айналған ел. Бұл, сондай-ақ, тұрмыс-тіршілігіне робот техникасы дендеп еніп кеткен болашақтың, кей-поп пен әлемді киносымен жаулап алған мүмкіндігі мол мемлекет. Таяуда Кореяның экономикалық кереметінің бәрін болмаса да біразын көзбен көріп, қолмен ұстауға мүмкіндік туды. Samsung компаниясы ұйымдастырған баспасөз сапары кезінде елдің үш қаласы – Сеул, Пусан және Сувонда болып, бүкіл әлемді электроникасы және көліктерімен толтырып тастаған шағын ғана елдің технологиялық тұрғыдан қалай дамығанына таңғалып келдік.
Сұхбат • 27 Қазан, 2022
Талант Мауқанұлы: Қазақстан секілді асқақ Отаны бар біз бақыттымыз!
Түркітілдес халықтардың тамыры бір болғанымен тілдік ерекшеліктері әр түрлі. Осы саланы жан-жақты зерттеп жүрген ғалымдар аз емес. Солардың бірі – Вашингтон университетінің профессоры, қандасымыз Талант Мауқанұлы. Бұл кісі түркі тілдері лингвистикасы мен мәдени антропология саласының маманы. Жақында сонау Америкадан атажұртына сапарлап келген ғалыммен кездесіп, өзі зерттеген бағыт бойынша біраз әңгіме өрбіттік.
Спорт • 27 Қазан, 2022
Тоғыз жыл бұрынғы табысты қайталай ала ма?
Бірер күннен соң Иорданияның бас шаһары – Амманда бокстан XXXII Азия чемпионатының жалауы желбірейді. Биылғы Сары құрлық біріншілігінде ерлер – 13, қыздар 12 салмақ дәрежесінде жүлделерді сарапқа салады. Олардың қатарында Қазақстан құрамасының да былғары қолғап шеберлері бар.
Спорт • 27 Қазан, 2022
Қыздар да көш бастауды көздейді
Екі аптаға созылатын бәсекелер барысында Cары құрлықтың ең үздік командаларымен қатар, Қазақстанның былғары қолғап шеберлері де өнер көрсетеді. Біздің жігіттер осы жарыстың жалпы есебінде бірінші орын алуды көздесе, қыздарымыз да дәл сол межеден көрінуді мақсат тұтады.