Қазақстан • 08 Қазан, 2019
Бақытты балалық қауіпсіз ортадан басталады
«Бала – бауыр етің» дейді халқымыз. Үрім-бұтағының бала шағында алаңдап, болашағын бағамдап жүретін ата-ананың кіндігінен тараған ұрпағы үшін жар құлағы жастық тимейді. Сыртқа шықса уайымдап, сырқаттанса мұңайып, жанын қоярға жер таппайды. Тіршілік иесі титтей зәбір көріп зақымданса «сен ауырғанша, мен ауырайын» деп барын беруге, аузына тосуға дайын тұрады. Иә, сондықтан да ата-ана баланы тоғыз ай құрсағында, екі жыл кеудесінде, өмір бақи жүрегінде сақтайды.
Руханият • 08 Қазан, 2019
Біздің қолымызға ерекше кітап түсті. Шындығында мұны кәдімгі кітап деуден гөрі, жаңа заман технологиясы қуаттандырған аудио-кітап деу орынды секілді. Жинақ «Мұхитқа құйған бұлақтар» деп аталады. Ішіне ұлтымыздың елеулі руханият құндылықтары мен өнер жауһарлары енген.
Экономика • 08 Қазан, 2019
Ет импортына тәуелді ел Еуразияны асырай ала ма?
Біздің халық жылқының еті мен қымызы бойға – қуат, ойға – шуақ беретінін айтып шалқып сөйлеуге құмар. Дастарқан басында еттің пайдасы туралы екі сағат дәріс оқитындар да бар. Жалпы, қазақтың етқұмарлығы туралы әзіл-шыны аралас әңгіме, мақал-мәтел көп қой. Алайда қазір елдің бәрінің бірдей қазы кертіп жеп, саба-саба қымызды сапырып ішуге шамасы жете бермейтіні тағы рас.
Аймақтар • 08 Қазан, 2019
Алматыда банктің құзіретін шектейтін жаңа агенттік жұмыс істейді
«Сарапшылар жаңа органның жұмысына қалай әсер етеді» деген ойдан іштен тынып тұр. Себебі мұндай агенттік осыған дейін болған. «Қаржы нарығын қадағалауды және реттеуді өз құзіретімізге аламыз» деп аты дардай болған агенттік соңында Ұлттық банкке қосылып, ақырында бар-жоғы білінбей кеткен.
Руханият • 08 Қазан, 2019
Адамзаттың асыл перзенттерінің бірі, түрік әлемінің биік шынары, киелі қазақ халқының текті ұлы, сұңғыла сөз зергері, қазақ әдебиетінің бәйтерегі, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, дара тұлға абызымыз Әбіш ағаның құйрықты жұлдыздай ағып дүние салғанына да біраз жыл өтіпті.