Архив • 07 Қазан, 2024
Әлем елдерінің архившілері Алматыда
1-4 қазан аралығында Алматыда Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві ұйымдастырған «Мұра институттары қоғамды орнықты дамыту жолында» тақырыбындағы ІІ Архившілер конгресі өтті. Архившілер конгресінің Қазақстан-Британ техникалық университеті ғимаратының «Тәуелсіздік залында» өтуінің тарихи мәні зор. Осы залда 1990 жылы мемлекеттің «Егемендік туралы» декларациясы қабылданған. Биыл екінші рет өткізіліп отырған конгресс қатысушыларының қатары БҰҰ, ЮНЕСКО, Халықаралық архивтер кеңесінің лауазымды тұлғаларымен толықты. Конгресс жұмысы ТМД, Орталық Азия, Оңтүстік-Шығыс Азия, Таяу Шығыс, Еуропалық одақ, АҚШ – жалпы саны 20 елден келген архив қызметінің басшылары мен қызметкерлерінің, ғалымдар мен жетекші сарапшылардың басын қосты. Сондай-ақ төрт күнге созылған дүбірлі жиынға еліміздің 150-ден аса орталық және облыстық архив, білім беру мекемелерінің басшылары мен қызметкерлері қатысты.
Спорт • 07 Қазан, 2024
Жартасқа өрмелеуден еліміздің белгілі спортшысы, Париж Олимпиадасына қатысушы Әмір Маймұратов Сеулде өтіп жатқан Әлем кубогінің кезеңдік сайысында күміс медальды иеленді. Ол тек қытайлық Синь Шань Ваннан алып қойды. Қола жүлдені Индонезияның өкілі Киромал Катибинге еншіледі.
Спорт • 07 Қазан, 2024
Оңтүстік Кореядан олжалы оралды
Оңтүстік Кореядағы Чунчхон қаласында таеквондодан өткен жастар арасындағы әлем біріншілігін ел құрамасы үш жүлдемен қорытындылады. Оның екеуі – күміс, біреуі – қола медаль.
Бокс • 07 Қазан, 2024
Өткен аптада бокс шеберлері Шымкентте бас қосып, Кеңес Одағының батыры Қарақозы Әбдәлиевті еске алуға арналған халықаралық турнирде күш сынасты. Бірақ Олимпия ойындары мен әлем чемпионаттарында атой салған жігіттердің барлығына жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілу бақыты бұйырмады. Осы жайттың өзі бәсекелестіктің аса жоғары болғанын аңғартса керек.
Спорт • 07 Қазан, 2024
Алматыдағы «Халық Арена» спорт кешенінде мәнерлеп сырғанаудан «Denis Ten Memorial Challenge 2024» V халықаралық турнирі өтті. Оған 31 мемлекеттен 120 спортшы қатысты.