Қазақстан • 07 Қазан, 2019
Кепілдендірілген әлеуметтік топтама неліктен 1 жасқа толмаған балаға берілмейді - Біржан Нұрымбетов
Бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов кепілдендірілген әлеуметтік топтама неліктен 1 жасқа толмаған балаға берілмейтіндігін түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Спорт • 07 Қазан, 2019
Алматыда жағажай волейболынан студенттік лига ойындары аяқталды
Алматы қаласында жағажай волейболынан чемпионат мәреге жетті. Оңтүстік астанадағы жоғары оқу орындары арасында ұйымдастырылған сайыста Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің студенттерінен құралған команда жеңімпаз атанды, деп хабарлайды оқу орнының ресми өкілі Жандар Асан.
Руханият • 07 Қазан, 2019
Қазақ әдебиетінің «Үш бәйтерегіне» арналған конференция өтті
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының ұйымдастыруымен қазақ әдебиетінің ірі тұлғалары Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров және Бейімбет Майлиннің туғанына 125 жыл толуына орай «Үш бәйтерек мұраты және әдеби дәстүр сабақтастығы» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Қазақстан • 07 Қазан, 2019
Қазақстандықтарды Чехия қалаларын азат ету кезінде қаза тапқан туыстарын еске алуға шақырады
Чехияда Фрыдек-Мистек елді мекенінде (чеш. Frydek-Mistek, Moravskoslezsky kraj, stat Cesko) қаза тапқан және құрметті әскери қабірде жерленген Қызыл әскер жауынгерлердің аттарын және дербес деректерін анықтау бойынша жұмыс аяқталды. Бұл туралы Елорда әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 07 Қазан, 2019
Алматыда алғашқы қалалық хакатонның қорытындысы шығарылды
Кеше Алатыда Q-Lab қалалық жобалар Зертханасында ақылды жобаларды жасаушылардың алғашқы қалалық марафоны өтті. Бұл жолы қатысушыларға бұрын қатысқандардың ұсыныстарын жалғастырмай әрі қайталамай жаңа идеясы бар прототипті бірден жасау және іске асыру міндеттелді.