Жауынгерлердің жерленген жерлерін іздестіру-зерттеу жұмыстарын Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігінің Чехияда әскери-мемориалдық жұмысты ұйымдастыру және жүргізу бойынша өкілі Чехиядағы Қазақстан Республикасы Елшілігінің жәрдем көрсетуімен жүргізгізді. Бірлескен іздеу-зерттеу жұмысының нәтижесінде тиісті каталог анықталды, оның ішінде 542 жаңа ат анықталып, 895 адамның қосымша дербес деректері нақтыланды.
Сондай-ақ Фрыдек-Мистек Мистек елді мекенінде осы әскери қабірде құрбан болған Қызыл Әскер жауынгерлерінің аттарымен мемориалдық плита орнатылады. Мемориалдық плиталардың салтанатты ашылуы 2019 жылғы қазанның аяғы-қарашаның басында өткізіледі деп жоспарланған.
Осыған орай, қаза тапқан жауынгерлерді лайықты түрде мәңгі есте сақтау мақсатында Ресей Федерациясы қаза тапқан қазақстандық сарбаздардың жақын туыстарын осы іс-шараға қатысуға шақырады.