Әдебиет • 10 Қазан, 2022
Қазақ әдебиетінде көкпар тақырыбына арналған шығармалар аз емес. Прозада да, поэзияда да баршылық. Біздің елде, сонымен қатар түркітектес халықтар арасында кең тараған ойынның түрі (ойыны осылғырдың ойыны мұндай болғанда, шындағаны қандай болмақ сонда?). Біздіңше, ойынның да, спорттың да атасы осы көкпар. Жігіттің жігіті, ердің ері тартады мұны. Тіпті маңайлай алмайтындарды да көргенбіз. Қазақ даласында екі мың, мүмкін үш-төрт мың жылдан бері бүгінге жалғасқан жорықалды «майдан» дерсіз. Оны да көзімен көрген немесе доданың ішіне кірген біледі.
Әдебиет • 10 Қазан, 2022
Сіздің ауылда шаң көшеде сұр есегін томпылдатып пошта таситын кішкентай күстана момын жан бар ма? Жоқ қой. Ергежейлілер әр ауылда бола бермейді – олар сандаған ғасырдың бір мезетінде сонау аңыз-әпсанаға толы белгісіз мекеннен тағдырдың тосыннан соққан желімен ғана келеді. Шынында, біз өмірімізде тура мағынасындағы кішкентай адамдарды көрмедік. Біз білетін ергежейлілер сол ертегілер мен мультфильмдердегі кейіпкерлер. Онда да сыртқы келбетін танығанымыз болмаса, жан дүниесіне бойламадық, жүрек сырын тыңдамадық, ішкі күйін сезінбедік. Біз «көрген», таныған, бауыр басқан, таңғалған, жақсы көрген, жан ашыған Далабайдың осы дүниедегі жалғыз досы, ергежейлі – жазушы Дүкенбай Досжанның Яғымусы еді (алдағы сөз қаламгердің «Ергежейлі» әңгімесі туралы).
Спорт • 10 Қазан, 2022
Новак Джокович: Қазақстанға қайта келетініме сенімдімін
Қазақстанда алғаш рет ұйымдастырылған ATP 500 Astana Open турнирінде мерейлі 90-шы жүлдесін жеңіп алған сербиялық теннисші Новак Джокович жарыстан кейін журналистермен тілдесіп, Қазақстан туралы, турнирдің деңгейі жөнінде өз ойын ортаға салды. Сондай-ақ әлемдік аренадағы қазақстандық теннисшілердің жетістіктерін атап өтті.
Таным • 10 Қазан, 2022
Әдебиетімізде «Көшпенділер» және «Алтын Орда» атты трилогияларымен тарихи тақырыпқа алғаш түрен салып, тұтас бір мектеп қалыптастырған Ілияс Есенберлиннің орны бөлек. Ақмола облысындағы Атбасар қаласында көрнекті жазушы атындағы әдеби музей жұмыс істейді, онда айтулы тұлғаның өзі тұтынған біраз жеке заттары сақталған. Соның ішінен қаламгердің ұнатып, үнемі киіп жүрген плащына тоқталсақ дейміз.
Таным • 10 Қазан, 2022
Ежелгі ғұндар мәдениетіне тән аса құнды артефактілердің ұйық мекені – ежелгі Өтүкен қойнауы немесе қазіргі моңғол үстірті. Мысалы, Ноин-ула қорғанынан табылған жәдігерлер ХХ ғасырдың теңдессіз мұрасы саналса, өткен жылдары Моңғолияның Арықанғай аймағы территориясында орналасқан «Гол-мод» қорған-обасына жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары кезінде тағы да аса құнды дүниелер табылды.