Байқау • 03 Қазан, 2023
«Елім дегендер» байқауы басталды. Байқау Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен «Тіл тағдыры – ел тағдыры» жобасы аясында қазанның 1-і мен 20-сы аралығында ұйымдастырылуда. Оған әр өңірден 14 пен 35 жас аралығындағы өзге этнос өкілдері ғана қатыса алады.
Жастар • 03 Қазан, 2023
Облыс орталығында қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген жастар арасында «Тіл шебері» облыстық байқауы өткізілген болатын. Байқауға үш тілді жетік меңгерген 21-35 жас аралығындағы 13 үміткер қатысты. Олардың барлығы дерлік үш тілді еркін меңгерген бесаспаптар екені бірден байқалып тұрды.
Баға • 03 Қазан, 2023
Бағаның тұрақтылығы қадағаланады
Шымкент қаласы ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше биыл мегаполис шаруалары 27,5 мың гектарға егін екті. Егістіктен дәнді дақылдар-11,4 мың га, майлы дақылдар-3,6 мың га, мал азықтық дақылдар-8,9 мың га, картоп-0,5 мың га, көкөніс пен бақша дақылдары-3,1 мың га құрайды. Бүгінгі таңда шаруалар 83,2 мың тонна өнім жинап үлгерді. Жиын-терім науқаны аяқталғанша өнім 87,1 мың тоннаға өседі деген болжам бар. Тарқатып айтсақ дәнді дақылдардан-16,9 мың тонна, майлы дақылдардан- 2,9 мың тонна, көкөніс пен бақшадан-42,4 мың тонна, картоптан – 5,2 мың тонна, мал азығы дақылдарынан – 15,8 мың тонна өнім алынды.
Аймақтар • 03 Қазан, 2023
Талдықорғанның туған күнін жетісулықтар ерекше атап өтті. Ай бойы түрлі іс-шара ұйымдастырылып, «Жастар саябағына» жиналған халықтың көңілі шат болды. Әсіресе шаһар сыртындағы «Үйтас» саяжайының тұрғындары көптен бергі тілегіне жетіп мәз-мейрам. Енді олардың үйлеріне көгілдір отын келіп тұр. Шаттыққа толы сәттің шымылдығын облыс әкімі Бейбіт Исабаев көтерді. Халықпен емен-жарқын әңгіме өрбітіп, өңірдегі соңғы жаңалықтарды жеткізді.
Хоккей • 03 Қазан, 2023
Құрлықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) бақ сынап жатқан елорданың «Барысы» үшін сырт айдындағы кезекті ойындар сериясы тағы да сәтсіз басталды.