Қазақстан • 26 Қазан, 2017
Өмірдің көрген түстей бір парағы
Қазір таңғалатын не қалды өзі: қала шетіндегі коттедждердің қожайындары болсын, көп пәтерлі биік үйлердің пәтер иелері де үй күтушілерін ұстайды. Былай қарағанда, жұмыс беруші мен оған қызмет жасаушы адам. Заңдастырылған екі жақты келісімі бар. Бірақ, Мәруа апай қызының біреудің есігінде жүргеніне намыстанады. Көрші әйелдердің күңкілдегендерін де естіп қалады. Ажар да олардың қыздарындай басқа мамандыққа оқып, кеңседе қызмет жасау керек.
Қазақстан • 26 Қазан, 2017
Мүгедек балаларға кім көмектеседі?
Бүгінде Семейдегі қоғамдық ұйымдар дабыл қағуда. Себебі аутизм диагнозы қойылған балалар тілдері дұрыс шықпағандықтан, құлақтары шала-шарпы еститіндіктен үйде отырып қалуға мәжбүр. Психологиялық-медициналық педагогикалық комиссия (ПМПК) мүшелері оларды оқытып-үйрету мүмкін емес деген қорытынды шығарып қойған. Сондықтан да қоғамдық ұйым өкілдері қалалық білім бөлімі мен ПМПК мүшелерін жиналысқа шақырып, арнайы оқытуға лайық балалардың мектептер мен балабақшалардағы түзету-тәрбиелеу топтарына баруларына мүмкіндік жасауларын, рұқсат етуін сұрады.
Қазақстан • 26 Қазан, 2017
«Ақылды» маршруттар Атырауға да келеді
Елімізде жыл сайын бір мыңнан астам адам жол-көлік оқиғасы салдарынан көз жұмады. 110 мың адам түрлі дәрежедегі жарақат алады, тіпті мүгедек арбасына таңылып қалатындар да бар. Статистика жол-көлік оқиғаларының 50-70 пайызы көлік жүргізушілерінің кінәсінен болатынын көрсетіп отыр. Сондықтан да көлік тізгініне отырғандардың салғырттыққа бой бермей, адам өміріне жауапты екендерін сезінгендері жөн.
Бокс • 26 Қазан, 2017
Қазақстан әлемнің үздік спорт державаларымен теңеспек
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты биылғы Жолдауына сәйкес, экономиканың түрлі саласына бәсекеге қабілеттілікті арттыруға бағытталған тапсырмалар жүктелді. Осы орайда Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі де назардан тыс қалмады. Оның ішінде спортқа артылған жүкті еңсеру басты міндет болды.
Қазақстан • 26 Қазан, 2017