Аймақтар • 04 Қазан, 2019
Түркістан облысында егісті алқапты жаңбырлатып суару әдісі қоланылатын болады
Агроөнеркәсіп кешені саласындағы «Түркістан агро» инвестициялық жобасы аясында облыста егісті алқапты жаңбырлатып суаруға мүмкіндік беретін машина трактор станциясы құрылуда. Осы мақсатта АҚШ-нан 18 бірлік суару машинасы және 27 ауылшаруашылығы техникасы сатып алынған. Бұл туралы Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 04 Қазан, 2019
Елордада жұмыссыз азаматтарды қысқа мерзімді оқыту курстарына іріктеу жүріп жатыр
Нұр-Сұлтан қаласының Жұмыспен қамту орталығы жұмыссыз азаматтарды еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша оқытуға іріктеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Аймақтар • 04 Қазан, 2019
Нұр-Сұлтанда кәсіподақ ұйымдарының форумы өтті
Елордада бастапқы кәсіподақ ұйымдарының «Қауіпсіз кәсіпорын – дені сау жұмысшы» форумы өтті деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Аймақтар • 04 Қазан, 2019
Халықаралық экспедиция мүшелері ортағасырлық Сарай Бату, Сарай Берке шаһарларының орнында болды
«Жошы Ұлысы астаналары «Сарайшық – Сарай-Бату – Сарай Берке қалалары ізімен» атты халықаралық экспедициясы Ресейдің Астрахань облысы Харабали ауданы Селитренный селосы маңындағы ортағасырлық Сарай Бату қаласы орнындағы археологиялық зерттеу жұмыстарымен танысты.
Қазақстан • 04 Қазан, 2019
«Ашық үкімет порталында» жарияланатын ақпараттар халыққа барынша қолжетімді әрі пайдалы болуы тиіс
Нұр-Сұлтан қаласында «Astana Hub» алаңында Ақпарат және қоғамдық даму, Ұлттық экономика, Қаржы министрліктерінің және Жоғарғы соттың өкілдері IT-қауымдастық пен үкіметтік емес ұйымдармен бірге IT-компаниялар мен үкіметтік емес ұйымдардың «Ашық деректер» (https://data.egov.kz/) және «Ашық бюджеттер» (https://budget.egov.kz/) порталдарымен жұмыс істеудегі қажеттіліктерін талқылады. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.