Аймақтар • 09 Қазан, 2022
Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов Тобыл өңіріне жұмыс сапарымен келіп, облыс тұрғындарымен кездесу өткізді. Еліміздің бас полицейі Қостанайдағы «Жастар» сарайына жиналған мың жарымға жуық адамның алдында есеп беріп, көпшілік тарапынан қойылған сан сауалға жауап берді. Сонымен қатар, кездесуде құқық қорғау саласын реформалаудың барысы туралы айтылды.
Қоғам • 09 Қазан, 2022
Республиканың үшінші мегаполисінде кезінде елдің дамуына үлес қосқан, бүгінде бейнеттің зейнетін көріп отырған қазыналы қарияларға ерекше қамқорлық көрсетіледі. Соның бір айғағы ретінде жыл сайын халықаралық қарттар күніне орай ұйымдастырылатын мерекелік іс-шараны атап өтуге болады. Биыл да бұл игі дәстүр жалғасын тауып, қадірлі еңбек ардагерлері ескерусіз қалмады. Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің бастамасымен халықаралық қарттар күні қарсаңында аға ұрпаққа құрмет көрсетіліп, түрлі сый-сияпаттар жасалды. Осы орайда жылдағы дәстүрге сай мегаполистегі «Миллионер» мейрамханасында қарттарға мол дастарқан жайылып, өскелең ұрпаққа олардың өмір жолдары мен елдің болашағы үшін сіңірген ерен еңбектері насихатталды.
Театр • 09 Қазан, 2022
Көптің көңілінен шыққан Күлбике
Қуанышпен аяқталатын ертегіні кім жақсы көрмейді? Балалық шаққа қайта оралтып, қиял-ғажайып әлемнің қызығына бойлататын туындылардың қай кезде де көрерменінің көңіл төрінен орын алары сөзсіз. Күні кеше «Астана Опера» театрында тұсауы кесілген «Күлбике» («Золушка») балеттік спектаклінің дәл осы санаттан табылғанына күмән жоқ.
Тарих • 09 Қазан, 2022
Қандай ғылым саласы болмасын өте күрделі. Ғылымда абыройға жету де оңай дүние емес. Тарих ғылымында абыройға ие болып, еңбектерімен, зерттеулерімен ғылыми көпшіліктің шынайы құрметіне бөленген азаматтар көп емес.
Сұхбат • 09 Қазан, 2022
Жапондық сценограф Йоко Сеяма: Арманымызбен үндес
«Астана Опера» театрында 8-9 қазан күндері премьерасы сәтті өткен «Күлбике» балетінен кейін қойылымның сценографы жапониялық жас маман Йоко Сеямамен тамаша туындының өмірге келу процесі жайында тілдесудің сәті түскен еді. Суретші шығармашылық ізденістері туралы ойын бүкпесіз ортаға салды.