Руханият • 01 Қазан, 2023
Кең дүниенің келбетіне маңыз құйған, уақыттың көз жасын сахнаға тамызған театр өнері өмірдің жан азығы. Сол ұлы өнердің саялы бәйтерегіне айналған Қазақстанның халық әртісі Бикен Римова ұлт мәдениетінің көгіне біткен жарық жұлдыз еді. Еңлік болып елді елжіретіп, Қорлан болып халықтың жадында жаңғырған алып тұлғаның Жетісу жерінде 100 жылдық мерейтойы жалғасуда. Ғасырлық қуаныштың шырайы «BIKEN» І Халықаралық театр фестивалімен әрлене түскендей.
Аймақтар • 01 Қазан, 2023
Ескелділіктердің еңсесі көтерілді
Ескелдідегі оқиға елдің есінен шыға қойған жоқ. Толассыз жауынның салдарынан сел басып, ауылдағы тұрғындар баспанасынан айырылып қалған еді. Облыс әкімдігі қарапайым халықты жаңа тұрғын үймен қамтамасыз етуге уәде берген. Міне, енді тұрғындар сол шаңыраққа қоныстана бастады.
Тәрбие • 01 Қазан, 2023
Әкенің ұлға беретін тәрбиесін басқа әке, не басқа институт бере алмайтынын қазақ халқы әуелден білген. Әкенің ісі – ұлға өнеге. Сондықтан «Әке көрген – оқ жонар» дейді бабаларымыз.
Қоғам • 01 Қазан, 2023
Абай облысының аға буын өкілдері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Жолдауында көтерілген өзекті мәселелерді кеңінен талқылады. Өңірге келген Мәжіліс депутаты, республикалық «Ардагерлер ұйымы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Бақтықожа Ізмұхамбетов аймақ басшылары және ардагерлермен арнайы кездесті.
Әлем • 01 Қазан, 2023
Пиреней түбегіндегі саяси дағдарыс
Испания Парламенті үкімет басшысын тағы да анықтай алған жоқ. Депутаттар биылғы сайлауда жеңіске жеткен «Халық партиясының» өкілі Альберто Нуньеса Фейхооның кандидатурасын мақұлдамады. Енді ел монархы VI Филипп премьер-министр міндетін атқарушы Педро Санческе үкіметті жасақтауды тапсыруы мүмкін.