Аймақтар • 26 Қазан, 2017
Суға батқан әйелді құтқарғаны үшін марапатталды
Құтқарушы күніне арналған салтанатты шарада «Казцинк» ЖШС Өскемен металлургия кешенінің бас механигі Вячеслав Защитин суға батқан адамды құтқарғаны үшін медальмен марапатталды. Бұл туралы «Казцинк» ЖШС-нің жұртшылықпен байланыс басқармасы хабарлады.
Қазақстан • 26 Қазан, 2017
Вена қаласында ЕҚЫҰ-ның жыл сайынғы Экономика және қоршаған орта өлшемі бойынша міндеттерді орындау жиналысы өтті. Іс-шараның сессиялары барысында үкімет, жеке сектор, азаматтық қоғам өкілдері, сондай-ақ халықаралық сарапшылар қоршаған орта тәуекелдерін азайту, су мәселелерінде үздік тәжірибелердің орындалуын қадағалау, қоршаған орта мәселелеріне қатысты қоғамның білімін арттыру, энергетика тиімділігі мен жаңғырмалы энергетика, қоршаған орта саласында сыбайлас жемқорлықпен күрес және жақсы басқару және БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарын талқылады.
Қазақстан • 26 Қазан, 2017
Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне сайлануы еліміздің сыртқы саясаттағы жеңісі және осы саладағы ерекше табысы деуге әбден болады. Өйткені егемен еліміз өткен кезеңдерде өзінің сыртқы саясаттағы ұстанымын барынша айқындап, халықаралық қоғамдастықтағы беделін нығайтты. Қауіпсіздікті қамтамасыз етуге негізделген бастамалар көтеру арқылы әлем назарын өзіне аудартты. Ал Қазақстанның Ұйымның Қауіпсіздік Кеңесіне мүшелігі Жалпыұлттық жоба ретінде қарастырылуда.
Солтүстік Кореяға қарсы санкциялар күшейе ме?
Жуырда Жапония және Оңтүстік Корея әскерімен бірлесіп жүргізілген жаттығулар барысында Корей түбегінің үстімен екі америкалық стратегиялық бомбалаушы ұшақ ұшып өтті. Бұл туралы АҚШ-тың одақтасы Оңтүстік Корея мәлім етті. Жағдай онсыз да ушығып тұрғанда бұл АҚШ әскерилері тарапынан болған тым батыл әрекет еді. Егер сол бомбалағыштардың бірін КХДР атып түсірген болса, оқиғаның әрі қарай қалай шиеленісетінін болжаудың өзі қиын.
«Гепасан» дәрі-дәрмегіне байланысты баспасөз мәслихаты өтті
Орталық коммуникациялар қызметінде Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитетінің төрайымы Людмила Бюрабекова және Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медицина техникасына сараптау ұлттық орталығы бас директорының орынбасары Арнұр Нұртаевтың қатысуымен «Гепасан» дәрі-дәрмегіне байланысты баспасөз мәслихаты болды.