Қазақстан • 03 Қазан, 2019
Емле ережелерін оқыту сыныптары ашылды
«Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығында 2025 жылға дейін қазақ әліпбиін латын графикасына кезең-кезеңімен көшіруге арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес жаңа әліпбидің емле ережелерін үйретуге арналған оқыту сыныптары ашылды. Мұндағы мақсат латын негізді жаңа қазақ жазуының әліпбиі мен емле ережелерінің құрылымын, жаңалықтарын, емле нормаларының ғылыми негіздерін меңгерген, ересек аудиторияға оқытып, түсіндіре алатын білікті оқытушылар дайындауға мүмкіндік жасау.
Қазақстан • 03 Қазан, 2019
Ұлттық терминология мәселесі талқыланды
Алматыда Мәдениет және спорт министрлігінің Тіл саясаты комитеті Ш.Шаяхметов атындағы ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен «Терминдерді іріктеудің критерийлері мен принциптері» атты республикалық әдістемелік семинар болып өтті.
Аймақтар • 03 Қазан, 2019
Көнеден жеткен жыр-дастандар – өскелең ұрпақты ұлт мұрасын ұлықтауға тәрбиелейтін айрықша құрал. Алматыдағы «Алатау» дәстүрлі өнер театрында «Тұлпар мініп, ту алған!» байқауының қалалық кезеңі мәреге жетті. Қалың көпшілікті саф өнерге сусындатқан жыр додасы «Qazaq Epos» республикалық ағарту жобасының аясында қала әкімдігінің қолдауымен өтіп отыр.
Әлем • 03 Қазан, 2019
Қазақстанның даму бағыты айқын
Коммунистердің 70 жылдық билігі Қазақстанның саяси, экономикалық және мәдени құрылымына күшті ықпалын тигізді. Бірақ арада Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін ішкі және сыртқы салаларда ірі жетістіктерге қол жеткізуіне куә болып отырмыз. Соңғы жылдарда Қазақстанда саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени өзгерістер оң бағытта дамыды.
Медицина • 03 Қазан, 2019
Болашақ ұрпақ саулығының іргетасы
Елімізде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі іске қосылады. Президенттің Жолдауында жария етілген бұл жаңалық медициналық қызметтің сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз етумен байланысты. Жаңа жүйе арқылы халықты медициналық көмекке негізсіз жұмсалатын артық шығыннан арылтуға мүмкіндік туады.