Спорт • 03 Қазан, 2024
Жуырда Мажарстанда өткен шахматшылардың Олимпиадасында ел құрамасы күміс медальды иеленіп, төрткүл дүние жанкүйерлерін тамсандырған еді. Осы табыстың арқасында жерлестеріміз әлемдік рейтингте едәуір жоғарылады. FIDE-нің жаңартылған тізімінде Будапештте бақ сынаған Бибісара Асаубаева (2487 ұпай) 2-орынға көтерілді. Ал Меруерт Камалиденова (2378) – сегізінші, Алуа Нұрман (2356) – 10, Ксения Балабаева (2335) – 12, Әмина Каирбекова (2288) – 25-сатыға жайғасты. Мықтылар санатында Лия Құрманғалиева да бар. Ол 18-орында (2324).
Өнер • 03 Қазан, 2024
Ұлы Жібек жолы бойында жатқан көне Тараз қаласы екі жыл бұрын дүниежүзілік қолөнершілер қаласының тізіміне енген болатын. Ықылым заманнан бері сауда-саттықтың ордасына айналған, тарихы тереңде жатқан қаланың мұндай мәртебе алуы – заңдылық. Байырғы дәуірде-ақ қолөнер шеберлерінің таңдаулы туындыларымен талай жұртты тәнті еткен Таразда халықаралық көрме ұйымдастыру кейінгі жылдары дәстүрге айналды.
Қоғам • 03 Қазан, 2024
Ол кішкентайынан би өнеріне қызығатын. Бұл да әпкесі Самалға еріп алдымен би үйірмесіне барды. Содан соң Жезқазған қаласында құрылған «Мақпал» би ансамблінің құрамына қабылданды. Осы ансамбль сапында сан мәрте гастрольдік сапарға шықты. Өз елімізде ғана емес. Сол сапарларда Сая би өнеріне деген халықтың ынта-ықыласын көрді, сезінді.
Таным • 03 Қазан, 2024
Ғалам ғажаптары: Гоби гүлденеді
Қытайлар қанша жылдан бері Гоби шөлін абаттандыру жұмыстарын жүргізіп келеді. Бұл бастама «Жасыл қабырға» деп аталады.
Аңдатпа • 03 Қазан, 2024
8 қазан - «Қызыл орамалды шынарым» Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында Ш.Айтматовтың «Қызыл орамалды шынарым» драмасы ұсынылады. Режиссері –Т.Теменов.