Үкімет • 04 Қазан, 2022
Жол-көлік оқиғасынан қаза тапқандар көп
Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында алдымен Мемлекеттік қала құрылысы кадастрын енгізу мәселесі қаралды. Аталған тақырып бойынша Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин, Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов және Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек баяндама жасады.
Саясат • 04 Қазан, 2022
Қазақстандағы әлеуметтік реформа шығысеуропалықтардың қызығушылығын туғызды
Кеше Прага қаласында «Қазіргі Қазақстанның әлеуметтік реформалары және Шығыс Еуропа елдерінің тәжірибесі» тақырыбында ірі халықаралық конференция өтті. Конференция Қазақстанның Чех Республикасындағы елшілігінің бастамасымен өткізілді. Оған Шығыс Еуропаның төрт елінен – Мажарстан, Польша, Словакия және Чехиядан 20-дан астам жоғары білікті сарапшы қатысты.
Руханият • 04 Қазан, 2022
Елорда төрінде орналасқан іргелі мәдени ошақтардың бірі – Сәкен Сейфуллин музейі. Бұл мекеме өткен ғасырдың сексенінші жылдарының аяғында Целиноград облыстық өлкетану музейі негізінде шаңырақ көтерген екен. Қазіргі таңда мұндағы экспонаттар саны жеті мыңнан асса, тақырыптық көрме залы – жетеу. Осының бірі «Педагогика» залында орналасқан көрме экспозициясында ұлт ұстазы Ақаңның – Ахмет Байтұрсынұлының «Әліппесі» тұр.
Аймақтар • 04 Қазан, 2022
Биылғы 1 қазанда Атырау мұнай өңдеу зауытында технологиялық қондырғыларды жоспарлы жөндеу басталды. Зауытты тұрақты жұмыс режіміне шығаруды кезең-кезеңімен қарашаның екінші онкүндігіне дейін жүзеге асыру жоспарланып отыр.
Қоғам • 04 Қазан, 2022
Реновация – түбегейлі жаңарту немесе биік үйлердің де проблемалары аз емес
Бүгінде «реновация» сөзінің қолданылу ауқымы әлдеқайда кеңейіп, құрылыс саласына да дендеп енді. Бұл үдеріс ескі нысандарды сүріп, олардың орнына жаңа құрылыстар тұрғызумен ғана шектелмейді. Оған кешенді құрылыс жүргізу арқылы азаматтардың қолайлы өмір сүруіне жағдай туғызу, тұрмыстық қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету, аумақтарды, көше-жол бойларын абаттандыру, көгалдандыру, әлеуметтік желілерді кеңейту құзыреті міндеттері де кіреді.