Қазақстан • 02 Қазан, 2022
Кинология жайлы естуіңіз болса да ақылды иттердің ақымақ адамдардың қылмысын әшкерелегенін кинодан ғана көруіңіз мүмкін. Ал бізге бір күн бойы иісшіл иттер мен иесі арасындағы достық байланысты көзбен көру бақыты бұйырды. Сол достық сезім қаншама қылмыстың ашылуына сеп болды десеңізші...
Сұхбат • 02 Қазан, 2022
Елен Әлімжан: Жазушы жазу үстелінде құдіретті
Тәуелсіздік алғалы бері көркем әдебиетімізге жаңа романдар қосылды. Сол сүйекті шығармалардың бірі жазушы Елен Әлімжанның «Анажар» романы. Біз осы сұхбатымызда жазушымен өз шығармашылығы, қазіргі әдебиет туралы ой бөліскен едік.
Спорт • 02 Қазан, 2022
Елордада шахматтан әйелдер арасында ұйымдастырылған 2022/23 жылғы Гран-при жарысының бірінші кезеңі аяқталды. Екі аптаға жалғасқан байрақты бәсекеде ФИДЕ (Халықаралық шахмат федерациясы) туы астында өнер көрсеткен ресейлік Екатерина Лагно үздік шықты. Әлемдік рейтингте 2563 ұпаймен төртінші орында тұрған Лагно осы жеңісінің арқасында 15 000 еуро мен 160 рейтингтік ұпайға ие болды.
Спорт • 02 Қазан, 2022
Ташкент татамиіндегі тартыс төрткүл дүниенің теңдессіздерін анықтайды
6-13 қазан аралығында Өзбекстанның бас шаһары – Ташкентте дзюдодан ерлер мен әйелдер арасындағы әлем чемпионатының жалауы желбірейді. 12 500 көрерменге есептелген «Хумо Арена» көпсалалы спорт кешенінде өтетін жарыста 120-дан аса мемлекеттен келген 600-ге тарта балуан күш сынасады деп күтілуде. Әдеттегідей олар 15 жүлде жиынтығын сарапқа салады.
Аймақтар • 02 Қазан, 2022
Аламан бәйге қазақ жылқысының төзімділігін мен жүйріктігін дәлелдеді
«Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесі мәреге жетті. Түркістан жұртшылығы 1200 шақырымды 11 күнде бағындырған батырларды үлкен қошеметпен қарсы алды. Бәйгенің жеңімпазы атанған Маңғыстаудың «Көкмойнақ» командасына 24 млн теңгенің сертификаты тапсырылды. Екінші орын иесі атанған Жетісу өңірінің «Жетісу» командасына 12 млн теңге жүлде тарту етілcе, мәреге үшінші болып жеткен Түркістан облысының «Теріскей» командасының шабандоздары 9 млн теңге сыйақыны қанжығаларына байлады.