Аймақтар • 07 Қазан, 2021
Қарағанды жастары қаланың таза болуын жанымен қалайды және де олар мұнысын іспен дәлелдеп жүр. Мысалы, жуырда ғана қаладағы колледждердің студенттері «Тазалық күні» акциясы аясында өткен спорттық плоггингке қатысып, айналаны қоқыстан тазартты.
Қоғам • 07 Қазан, 2021
Жастар жылы деп жарияланған 2019 жылы еліміздің Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында жұмыс істейтін жастарға 3 мың пәтер сатып алу құқығынсыз жалға берілгені мәлім. Сөйтіп ірі мегаполистерде еңбек етіп жүрген соншама жас отбасылар мен жалғызбасты қыз-жігіттер қабырғаларын қайыстырып жүрген баспана мәселесін уақытша (бес жылға) болса да шешіп, қуанып қалды.
Әдебиет • 07 Қазан, 2021
Отызға толар-толмас шағында өмірден озса да, маржан жыр, маңғаз мақамымен халқының жүрегіне ұя салған Оразалы Досбосынов қазақ айтысына өшпес із қалдырған тұлға. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің қолдауымен ақынның үш томдық шығармалар жинағы жарық көрді.
Аймақтар • 07 Қазан, 2021
Тоқыма фабрикасы қайта «тіріледі»
Бұған дейін мұнайлы өңірдегі Caspiy Lana Atyrau серіктестігінің тоқыма фабрикасы тоқырауға ұшырағалы тұрғанын жазған едік («Тоқыма фабрикасы тоқырағалы тұр», «Egemen Qazaqstan», 29 желтоқсан, 2020 жыл). Алты жыл бұрын жобаны іске қосу үшін «Атырау» ӘКК» АҚ мен «Достан ата» шаруа қожалығы 2,4 млрд теңге салған. Алайда былтырдан бері тоқыма фабрикасы әбден титықтады. Басты себеп – құрылтайшыға бережақтың көбеюі.
Қазақстан • 07 Қазан, 2021
Бірлік пен татулық – береке бастауы
Былтыр Сардоба апаты салдарынан Мақтаарал ауданындағы 7 500 гектар егіс алқабы зардап шеккен болатын. Егістікке қайтара мақта дәнін себу жұмыстары жүргізілді. Аудандағы су басқан егістік алқаптарды қайта қалпына келтіріп, шитті мақта егу жұмыстарына көрші өзбек елі қолдау көрсеткен болатын. Өзбекстан Республикасының Жызақ және Сырдария облыстарынан 40 арнайы техника мен 250 тонна мақта шиті жеткізіліп, шаруалар көмектесіп, мақта дақылын қайта егіп берген еді.