Аймақтар • 07 Қазан, 2021
Атырау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде күннен электр қуатын жинайтын станса іске қосылды. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының басқарма төрайымы Күләш Шәмшидинованың айтуынша, күн электр стансасы арқылы оқушыларды баламалы энергия саласында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге баулу жоспарланып отыр.
Білім • 07 Қазан, 2021
Жеке инвесторлар жоғары деңгейге жеткізбек
Алматыда биыл бірінші рет қалалық білім басқармасы 2020 жылы үздік нәтиже көрсеткен мемлекеттік мектептердің рейтингісін жасады. Бағалау барысында мектептердегі үздік және екпінді оқушылардың саны мен оқушылардың олимпиадаларға қатысуы да ескерілген. Алматының ең жаңа ауданы – Наурызбай ауданының мектептері қаланың 5 үздік білім беру мекемесінің қатарына қосылды.
Білім • 07 Қазан, 2021
Жеңімпаз ұстаздар жүлделі болды
Қызылордадағы Н.Бекежанов атындағы музыкалық драма театрында облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықованың қатысуымен «Ұстаз аты – биік, әрі мәңгілік» атты салтанатты жиын өтті. Білім саласы өкілдерінің мерекесіне арналған шараға ардагер ұстаздар, мектеп мұғалімдері мен жас педагогтер шақырылды.
Қазақстан • 07 Қазан, 2021
Азаттықтың арқасында атамекенде тамыр жайдым – дейді қандас қария Дәкіс Мешелұлы
– Қобда бетінде (Моңғолия) туып, етек-жеңі кең моңғол ағайындармен қолтықтасып бірге өскен біз үшін Қазақстан қасиетті Меккенің қаратас байланған құбыласындай елестейтін, – дейді ел газеті «Егеменге» келіп, өзінің өзекжарды ойын айтқан Дәкең ақсақал.
Аймақтар • 07 Қазан, 2021
Шетпеде ұн шығаратын цех ашылды
Өңірлерде, әсіресе, ауылдық жерлерде жаңа жұмыс орындарының ашылуы – жаңалық. Бұл халық тұрмысына қажетті нәрсе өндіру арқылы ел экономикасын арттыруға үлес қосамын деген мақсатты ұстанса – қуаныш.