Аймақтар • 06 Қазан, 2021
Жарты жылға жуық өскемендіктер Семеймен екі ортада сабылысып қалған. Өскемен әуежайы жөндеуге жабылып, ұшақтар қарт қаладағы Абай әуежайынан ұшып-қонып жатты. Көңілі күпті халық Ертістің көпіріне ұқсап сағызша созылмаса екен деп те тілеген. «Көп тілегі көл». Уақтылы аяқталып, 1 қазаннан бастап іске қосылды.
Қазақстан • 06 Қазан, 2021
Украинадағы «Қазақ бұрышын» жаңғыртып қайтты
Маңғыстаулықтар ізгі сапармен Украина елінде болды. Өңір басшысы Н.Ноғаевтың тапсырмасымен, Қазақстанның Украинадағы елшісі Д.Кәлетаевтың шақыруымен Т. Шевченко мемлекеттік музей-қорығындағы «Қазақ бұрышын» қалпына келтіріп, жыл сайын өтетін lX халықаралық Шевченко оқуларына қатысу үшін Канев қаласына сапар төрт күнге созылды.
Спорт • 06 Қазан, 2021
Норвегияның астанасы – Ослода күрес түрлерінен әлем чемпионаты өтуде. Жарысты еркін күрес шеберлері бастады. Алғашқы күні төрт салмақ дәрежесі бойынша жүлделер сарапқа салынды. Біздің екі жігітіміздің жеңіс тұғырына көтерілуіне жақсы мүмкіндігі болды. Бірақ шешуші тұста жеңілістің кермек дәмін татқан олар елге құралақан оралды.
Аймақтар • 06 Қазан, 2021
Халық аққуды киелі құс санап, өлтіруге қимайды. Қазақ қоғамында аққуды ату ауыр қылмас, тіпті жантүршігерлік оқиға саналған.
Қоғам • 06 Қазан, 2021
9 мыңға жуық бос жұмыс орны ұсынылды
Жастар тұрмысының жақсаруында жұмыссыздықты жоюдың маңызды рөл атқаратыны даусыз. Үшінші мегаполисте бұл бағытта ауқымды жұмыс атқарылуда. Жастарға арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесінің ұйымдастырылуы нәтижелі істердің бірі.