Қоғам • 29 Қазан, 2020
Кентаулық азаматтар Президентке арызданды (Ал қала әкімі олардың уәжімен келіспей отыр)
Жуырда ел Президентіне жолданған кентаулық азаматтар арызының көшірмесі «Egemen Qazaqstan» газеті Түркістан облысындағы меншікті тілшісінің элоктронды поштасына да келіп түскен болатын. Әрине, әрбір арыздың арғы жағында адам тағдыры немесе жергілікті азаматтардың белгілі бір мәселеге наразылығы мен көзқарасы тұратыны мәлім. Сол сияқты әрқилы мүдделердің тұратыны да белгілі. Тұрғындардың арызымен танысып, Кентау қаласы әкімінің жауабын да алған болатынбыз.
Елорда • 29 Қазан, 2020
Байтақ даламыздың басты ордасы жыл сайын жаңарып келе жатыр. Құлпырған құтты қаламыздың қарыштап қадам басуына түрлі қызметтер түрткі болуда. Соның бірі – Smart Astana жобасы. Бағдарлама тұрғындардың өмір сапасын және әл-ауқатын арттыру, елорданың инфрақұрылымын, қоғамдық қауіпсіздігі деңгейін жақсартуға, жаңғыртуға бағытталған.
Әлем • 29 Қазан, 2020
АҚШ билігі Иранға және елдегі мұнай-газ саласына қатысты компанияларға жаңа санкция салды. «Қара тізімге» іліккендер қатарында Иранның мұнай министрлігі де бар. Рейтер агенттігінің хабарлауынша, бұл қадам Тегеранға қысым көрсету мақсатында жасалып отыр.
Руханият • 29 Қазан, 2020
Биологиядан білетініміздей, паразит – белгілі бір организмнің, айталық паразиттің екінші бір организмді тіршілік ортасы ретінде пайдаланып, сонда өсіп дамуы, қоректенуі. Былайша айтқанда біреудің есебінен біреудің күн көруі. Қазақша айтқанда жатып ішу. Жалпы паразиттердің көптігі сонша, бұлар тірі ағзалардың ішінде де, сыртында да, вирустарда да, бактерияларда да, өсімдіктерде де, жануарларда да, тіпті адамдарда да бар.
Әлем • 29 Қазан, 2020
Шартараптың түкпір-түкпірінде коронавирус індеті күннен-күнге қайта өршіп барады. Көктемде пандемия салдарынан шекарасын жауып, локдаун енгізген Еуропа елдері күзден бастап қайтадан етек-жеңін қымтай бастады. Өйткені қатерлі дертті жұқтырғандар көбейіп, індеттің екінші толқыны оңай тимей тұр. Қазірге дейін 45 миллионға жуық адам COVID-19 жұқтырса, соның 1 миллион 174 мыңы қайтыс болды. Әлемнің 8 елінде сырқаттанғандар саны миллионнан асып үлгерді. Ұлыбритания да осы межеден асуға жақын қалған. Кейінгі бір апта ішінде жер-жаһандағы тіркелген науқастар саны 400 мыңнан азаймай тұр. Осыған байланысты көптеген мемлекет карантиндік шараларды қатаңдатып, көшеде де, жабық ғимараттарда да маска тағуды міндеттеді. Тіпті қайтадан локдаун жариялаған елдер де бар. Сарапшылардың айтуынша, мұның бәрі тұрғындардың шектеу шараларына мән бермеуінен болып отыр. Өйткені індеттің бірінші толқыны бәсеңдеген соң адамдар бейқамдыққа түсіп, арақашықтық сақтау, қорғау мәселелерін назардан шығарып алған.