Коронавирус • 03 Қазан, 2021
Вакциналау: Үшінші компонент қажет пе?
Антиваксерлер вакциналауға қарсы уәж айтуларын жалғастырып жатса да, пандемиямен күресте ең тиімді құрал екпе салдыру болып қала бермек. Бұл – Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәлімдемесі. Кейбір мемлекеттер ұжымдық иммунитет қалыптастыру мақсатында халықты вакцина алуға шақырып, түрлі науқан ұйымдастырумен әуре болса, оның үшінші компонентін ойластырып жатқан елдер де бар.
Экология • 03 Қазан, 2021
Көміртегі бейтараптығына бірлесе қол жеткізу маңызды
Әлем экологиялық апаттың алдында тұр. Сондықтан барлық мемлекет қазірден бастап бірлесе нақты іс-қимылға көшпесе, ахуал ушығуы мүмкін. Түркістанда өткен «Өңірлік ынтымақтастық және көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бағытындағы бірлескен іс-қимылдар» тақырыбындағы I Орталық Азия форумында осындай пікір айтылды.
Руханият • 03 Қазан, 2021
Қазақ елі Қарасазда ерен ақынды еске алды
Биыл қазақ әдебиеті үшін атаулы күнге толы жыл болғаны анық. Оның ішінде ақын Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдық мерейтойын атап өтуге деген ел ықыласы ерекше еді. Әсіресе, ақынның кіндік қаны тамған Жетісу өлкесі, оның ішінде Қарасаз ауылы даңқты перзентінің тоқсан жылдығын торқалы той етіп өткізуге ұзақ дайындалды.
Технология • 03 Қазан, 2021
Facebook компаниясы тағы да дауға қалды. Қыркүйекте Wall Street Journal газеті кең көлемді зерттеу жүргізіп, компанияның кей мәліметті қоғам назарынан жасырып қалғанын анықтаған. Мәселен, Facebook Inc өкілдері Instagram әлеуметтік желісінің жастардың өміріне теріс әсер ететінін білген. Бірақ оны жарияламай, құпия ұстап, инстаграмға ешқандай өзгеріс енгізбеген.
Президент • 03 Қазан, 2021
Қасым-Жомарт Тоқаев радио қызметкерлерін құттықтады
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-дегі парақшасында радио қызметкерлерін құттықтап жазба қалдырды, деп хабарлайды Egemen.kz.