Саясат • 06 Қазан, 2020
Партия мүшелерінің дауысы есептелді
Nur Otan партиясы ішкі іріктеудің алғашқы кезеңін аяқтады. Партияішілік сайлаудың бірінші кезеңі бойынша сайлаушылардың дауысын есептеу жұмысы кеше тәмамдалды. Праймериз өткізу жөніндегі Орталық ұйымдастыру комитетінің ақпаратына сәйкес төрт күнге созылған дауыс беруге 662 687 адам қатысыпты. Бұл – тіркелген сайлаушылардың 84,2%-ы.
Аймақтар • 06 Қазан, 2020
Осы уақытқа дейін тат басқан құбырдан су алып келген тұрғындардың өтініш-арызына бейжай қарау мүмкін болмады. Жарты ғасырдан бері ауыстырылмаған құбырлардың тозығы әбден жеткені анық еді.
Оқиға • 06 Қазан, 2020
Central Asia Nobel Fest Live алғашқы онлайн фестивалі
Нұр-Сұлтанда Central Asia Nobel Fest Live алғашқы онлайн фестивалі өтті. Онлайн-ғылыми симпозиум спикерлері арасында 7 Нобель сыйлығының лауреаты және 3 «ғылыми Оскардың» Breakthrough Prize сыйлығының иегерлері бар. Іс-шара әлемнің 35 елінен, 105 қаласынан және 137 университетінен 3 мыңнан астам қатысушының назарын аударды.
Қоғам • 06 Қазан, 2020
Жастар ауылдық жерде жұмыс істесе...
Бүгінде ауылдық жерлерде бас қосқан жағдайда жиі еститініміз – мал бағатын, трактор айдайтын адамның аздығы. Бір жағынан жаздың ыстығы, күздің қара суығы тоқтаусыз трактор жүргізу де оңай емес. Оған қоса, ауылдағы техниканың дені ескі. Ауылдағы бұрыннан келе жатқан кәсіби механизаторлар ескі техниканы жамап-жасқаумен-ақ қартайғаны рас. Ауылдық жерде мал шаруашылығын қолға алған шаруа төрт түлігін бағатын малшы таппай бір әуреге түссе, қысқы жем-шөпті дайындау әрі тасымалдау үшін тракторшыны іздеп сабылып жүргені.
Оқиға • 06 Қазан, 2020
Қазақстанда автобус паркі жаңартылуда
Талдау мәліметтеріне сай, Қазақстанда 12 мыңнан астам автобустың тозығы жеткен. Қоғамдық көлік сапасының ең нашар көрсеткіштері Батыс Қазақстан, Түркістан және Қызылорда облыстарында тіркелген. Алматы қаласы мен Алматы облысында да статистиканың көрсеткіші нашар, мұнда ауаның ластануының негізгі үлесі көлік шығарындыларына тиесілі, ал автобус парктері осыған дейін дизельді техника сатып алған.