Оқиға • 06 Қазан, 2020

Central Asia Nobel Fest Live алғашқы онлайн фестивалі

180 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтанда Central Asia Nobel Fest Live алғашқы онлайн фестивалі өтті. Онлайн-ғылыми симпозиум спикерлері арасында 7 Нобель сыйлығының лауреаты және 3 «ғылыми Оскардың» Breakthrough Prize сыйлығының иегерлері бар. Іс-шара әлемнің 35 елінен, 105 қаласынан және 137 университетінен 3 мыңнан астам қатысушының назарын аударды.

Central Asia Nobel Fest Live алғашқы онлайн фестивалі

Central Asia Nobel Fest Live бағ­дар­ламасы төрт күнді қамтыды және оның эфирінде көптеген өзек­ті тақырыптар көтерілді, танымал спикерлер сөйледі. Онлайн-фес­ти­вальдың басты ерекшелігі – жаһан­дық үрдістер мен сын-қатер­лерге бағытталған. Бұл төрт негіз­гі бағдарға бөлінген: адами капи­тал­дың болашағы; әлемді өзгер­тетін тех­нологиялар; медици­на мен ғы­лымдағы жаңа қырлар; инклю­зив­ті экономика және тұрақты даму.

Онлайн-фестивальдың ашылу салтанаты Инклюзивті даму қорының (IDF) басқарушы директоры Мақсат Құрбеновтің құттықтау сөзімен басталды.

«Ғылым, технология және ин­но­ва­циялар – бұл прогрестің қоз­ғалт­қыштары. Білім – дамудың не­гізгі ком­поненті. Пандемия кел­г­еннен бері біз жоғары ғылыми-техни­ка­лық әлеуетке ие елдер ғана эко­но­ми­­ка­­лық өсімді тез қалпына кел­ті­ріп, да­мудың ал­дыңғы қатарында қа­ла ала­тын­ды­ғын көріп тұрмыз» деді ол.

Аталған іс-шараның мақсаты – аймақта жаңа білім қорын құру. Ұйымдастырушылар сонымен қатар Орталық Азия мен Кавказ ай­ма­ғында осындай ауқымды іс-шара өткізілетінін айтты. Нобель фес­тивалін әртүрлі ғылыми салаларда жылына бірнеше рет өткізу жоспар­ланып отыр. Central Asia Nobel Fest Live ұйымдастырушыларының пікі­рінше, ғылыми фестивальдерді жиі және тұрақты түрде өткізу ғана ел­дің дамуына айтарлықтай әсер ете алады. Сондықтан аймақта жақын арада технологиялар мен инно­­вациялар бойынша жаңа «Бо­ла­шақты ойлап табу» атты Нобель фес­тивалін өткізу жоспарлануда.

Еуропа қайта құру және даму банкінің саясат және серіктестік жөніндегі вице-президенті Пьер Хайльбронн аймақтың жас ұрпа­ғына Нобель сыйлығының лауреат­тарын тыңдап қана қоймай, оларға сұрақ қоюға мүмкіндік беретін алаң­ның Орталық Азия аймағы үшін ма­ңыз­дылығын атап өтті. Ол ЕҚҚДБ Инк­люзивті даму қорының (IDF) ба­стамасын қолдайтынын айтты. Ха­лық­аралық ұйымдар, ғылым және бизнес арасындағы серік­тес­тіктің маңызын М.Әуезов атын­­дағы Оңтүстік Қазақстан уни­­верси­тетінің ректоры Дария Қо­жам­­жарова да атап өтті. Ол серік­тес­тік­тің халықаралық ұйым­дар мен бизнестің зерттеулерге қаты­суы өте маңызды екенін атап өт­ті. Ректор өзінің құттықтау сөзін­де Central Asia Nobel Fest Live бағ­дар­­ла­масының қазақстандық ғылым үшін маңызын жоғары бағалады.

Форумның бірінші күнін «Ин­клю­зивті білім жолында» сессия­сы ашты. Сарапшылардың пікірінше, COVID-19 пандемия­сы әлемдік экономикаға 35 трлн долларға тең зиян келтіреді. Өз кезе­гінде, инклюзивті білім беру эконо­микалық мәселелерді шешу­дің қажетті әдісі ретінде көбірек қарас­ты­рыла бас­тады. Өйткені бұл әл-ауқат шығын­дарын төмендетеді және әлеуметтік келісімге ықпал етеді.

Үндістандық балалар құқығын қорғаушы, Нобель сыйлығының лауреаты (2014), 85 мыңнан астам үнді балаларын қанаудан босат­қан және білім беру жүйесіне қай­та қосқан Bachpan Bachao Andolan (Балалықты сақтайық) қозға­лы­сының негізін қалаушы Кайлаш Сатьяртхи өзінің құттықтау сөзінде білім алу қолжетімділігінің маңы­зын жеткізді. Оның пікірінше, «Бі­­лім – азат етуші, әділеттілікке, тең­­­дік пен бейбітшілікке апаратын жол. Сон­дықтан кез келген бала әлеу­­мет­тік-экономикалық немесе сая­­си се­беп­терге байланысты қа­рау­­сыз қал­са, біз толыққанды инк­лю­­зив­­ті білім беру туралы ойлай алмаймыз».

Нобель сыйлығының лауреаты атап өткендей, COVID-19 пандемиясы өркениеттің дағдарысы және бұл білімге, сондай-ақ экономика мен денсаулық сақтау жүйесіне кері әсер етеді.

Өз кезегінде, Нобель сыйлығы­ның лауреаты (2011 ж.), Әйелдер құқығын қорғаушы, журналист Тавакуль Карман коронавирустың зар­дабына байланысты әлемдік қоғам­дастық өткен жылдарда қол жет­кізген жетістіктердің көп бөлі­гін жоғалтуы мүмкін екенін айтты.

«Инклюзивті білім беру мәселесі бүкіләлемдік қауымдастық үшін өткір болуы керек. Әрбір жеке тұлға үшін толыққанды инклюзивті білім­ге қол жеткізу мүмкін емес еке­нін түсіну керек, бұған тек халық­ара­лық ұйымдардың да, мемле­кет­тік орган­дардың да бірлес­кен күш-жігері арқылы қол жеткізуге болады».

Жиында Нобель сыйлығының лауреаттары, көрнекті ғалымдар мен экономистер медицина, жасанды интеллектінің дамуы және оның еңбек нарығына әсері, бола­шақ ауруларға қарсы күрес тәсіл­дері және т.б. тақырыптарды талқылады.