Білім • 24 Қазан, 2017
Маңғыстаудағы №11 мектеп үздік тәжірибесімен үлгілі
Мектеп атаулының бәрі киелі, бәрі қадірлі. Өйткені ол – білімнің, тәрбиенің ордасы, келешек буынның тәрбие бесігі, ардақты ұстаздардың «екінші отбасы». Алайда мектептің ішкі-сыртқы безендірілуінен бастап, ондағы берілетін білімнің сапасы, оқушы мен ұстаз көрсеткіштері және заманауи білім беруді үйлестіруі сынды мектепке қатысты алуан бағыттар бойынша білім саласы өз үздіктерін анықтап, мадақтап жатады. Осы орайда біз Маңғыстаудағы мақтаулы мектептердің бірі – облыс орталығындағы №11 орта мектепте болған едік.
Қазақстан • 24 Қазан, 2017
Астанада жаңбыр аралас қар жауады
Синоптиктер Астанада алдағы бірнеше сағаттың ішінде жаңбырдың арты қарға ұласатынын болжап отыр, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.
Парламент • 24 Қазан, 2017
Жапонияда кезектен тыс парламент сайлауы өтті
Жексенбі күні Жапонияда кезектен тыс парламент сайлауы болып, онда қазіргі премьер-министр Синдзо Абэнің либералды-демократиялық партиясы (ЛДП) айқын басымдылықпен жеңіске жетті. «Жаңа Комэйто» партиясымен бірігіп консервативтік коалиция құрған бұл партия енді парламенттің төменгі палатасындағы 465 орынның 311-не иелік ететін болады деп күтілуде.
Қазақстан • 24 Қазан, 2017
Өз бақытын қазақ жерінен тапты
Князь Ибрагимұлы Мирзоев – Тәуелсіз Қазақстанның әдебиеттану ғылымындағы көрнекті қайраткер ғалымдарымыздың бірі. Оның Қазақстан әдебиеттануының Шығыс халықтары әдеби ықпалдастығына, байланыстарына арналған іргелі ғылыми-зерттеу еңбектері мәдени мұралар сабақтастығының, халықтар достығының өзекті мәселелерін қамтуымен құнды. Ғалым-әдебиетшінің жарық көрген ғылыми-зерттеу кітаптары Тәуелсіз Қазақстан жаңа тарихының әлем өркениеті кеңістігіндегі әдеби-мәдени, поэтикалық үндестіктер арналарын кеңейту бағдарындағы маңыздылығымен ерекшеленеді.
Қазақстан • 24 Қазан, 2017
Мерейтойлардан мезі болған жоқпыз ба?
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында: «Қанымызға сіңген көптеген дағдылар мен таптаурын болған қасаң қағидаларды өзгертпейінше, біздің толыққанды жаңғыруымыз мүмкін емес», деп қадай айтып, ысырапшылдық пен астамшылыққа, даңғойлық пен кердеңдікке жол бермеу қажеттігін, шынайы мәдениеттің белгісі орынсыз сән-салтанат емес, керісінше, ұстамдылық, қанағатшылдық пен қарапайымдылық, үнемшілдік пен орынды пайдалану екендігін атап көрсеткен болатын. Осы орайда ойланарлық мәселелер бар.