Кино • 05 Қазан, 2020
Аңыз болған «Дос-Мұқасан» тобы туралы көркем фильм түсіріледі
Әу баста әртүрлі музыкалық аспапта ойнайтын қарапайым ғана студенттерден құралған «Дос-Мұқасан» ансамблі уақыт өте келе әйгілі топқа айналатынын сөзсіз ешкім білген жоқ. Ендеше, алдағы күндері «Aray Media Group» компаниясы Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының көмегімен «Дос-Мұқасан» киножобасын қолға алғалы отыр. Бұл фильмнің басты мақсаты – достық туралы оқиғаны баяндау.
Әлем • 05 Қазан, 2020
Kenzo сән үйінің негізін қалаған дизайнер коронавирустан көз жұмды
Kenzo сән үйінің негізін қалаған жапониялық дизайнер Кендзо Такада коронавирустан қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz BBC News агенттігіне сілтеме жасап.
Сұхбат • 05 Қазан, 2020
София Молдағалиева: «Жұбан қазақты жырласа, халқы бүгінде Жұбанды жырлайды»
«Мен – қазақпын мың өліп, мың тірілген.Жөргегімде таныстым мұң тіліменЖылағанда жүрегім, күн тұтылып,Қуанғанда күлкімнен түн түрілген» деген өлең жолдарын оқымаған қазақ кемде-кем. Жұбандай өр ақынның өршіл де, ұлтжанды өлеңі қай-қайсымыздың болмасын жүрегімізде намыс отын жағып, ел мен жерге деген сүйіспеншілігімізді арттыра түсетіні хақ. Ашаршылық пен жоқшылықтың азабын тартқан, жетімдікті көріп, сұрапыл соғысты басынан өткерген майдангер-қаламгер өзі өмір сүрген кезеңнің әділетсіздігін шығармасына арқау етті. Бүгінде Жамбыл көшесіндегі 147-үй, 9-шы пәтер ақын мұрасының ұясына айналған. Өзі көзі тірісінде жинаған кітап қорының бір парасы сақталған шаңырақта ақынның жары София Молдағалиева қаламгер аманаттап кеткен асыл мұрасын көзінің қарашығындай сақтап, келер ұрпаққа естеліктерімен бөлісіп отыруды өмірінің бір бөлшегіне айналдырған. Жақында Жұбан Молдағалиевтің туғанына 100 жыл толуына орай Орал өңірінде өткен кездесуден оралған София Мәлікқызымен ақын шығармашылығы жайында әңгімелескен едік.
Аймақтар • 05 Қазан, 2020
Атырауда екі оқушы қолын сындырып алды
Облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі бұл оқиғаның қашықтан оқытудағы интернет желісіне еш қатысы жоқтығын мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 05 Қазан, 2020
Елордада ескі заттар жәрмеңкесі өтті
Өткен демалыста Нұр-Сұлтанда жаңа форматтағы жәрмеңке өтті. Тұрғындар қажеттілігін жоғалтса да, сапасы сақталған заттарын әкеліп, көрмеге қойылған кез келген бұйымға айырбастады, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.