Аймақтар • 05 Қазан, 2020

Атырауда екі оқушы қолын сындырып алды

532 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі бұл оқиғаның қашықтан оқытудағы интернет желісіне еш қатысы жоқтығын мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырауда екі оқушы қолын сындырып алды

"27 қыркүйекте Қызылқоға ауданының Жантерек елді мекеніндегі  штаттық  режимде жұмыс істейтін №75 бастауыш мектептің 3 сынып оқушысы қырдағы  атасының  үйіне  барғаны анықталды. Оқушы трактордан құлап, қолын ауыртып алған. Анасы оны Атырау қаласына әкеліп, қолына гипс салдырған. Қазір мектептегі сабағына қатысып жүр.

Сондай-ақ Атырау қаласының маңындағы Тасқала елді мекенінде орналасқан  №32 орта мектептің 9 сынып оқушысы 1 қазанда үйінің шатырынан құлап, қолын сындырып алған.  Ол ата-анасына көмектесу үшін жаңадан салынып жатқан үйдің шатырына шыққан. Қазір ол облыстық балалар ауруханасында ем алып жатыр. Сабақты қашықтан оқиды", деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.