Еңбек • 25 Қазан, 2024
Мемлекеттің экономикалық дамуында Атырау өңірі балық шаруашылығының маңызы зор. Елімізде ауланатын балықтың отыз пайызға жуығы осы облысқа тиесілі. Ризығын теңізден айырған аға буын өкілдері еселі еңбегімен осы өлкенің ғана емес, еліміздің өркендеуіне сүбелі үлес қосты. Осы бір бағалы кәсіпте үлкен жетістікке жете жүріп, оның қыр-сырын кейінгіге үйрете білген, ұрпақ сабақтастығын жалғаған қадірлі маманның бірі Тағай Жұмашұлы еді.
Үкімет • 25 Қазан, 2024
Экология саласындағы ынтымақтастық артады
Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палата отырысы өтіп, онда Қазақстан мен Өзбекстанның экология саласындағы ынтымақтастығы туралы заң қаралды.
Қаржы • 25 Қазан, 2024
Қаржы сегменті: Алдымызда алтыншы кезең тұр
Қаржы нарығы бүгінде бұрын-соңды болмаған мүмкіндік пен инновациялық серпіліс кезеңін бастан өткеріп жатыр. Цифрлық технологиялардың қарқынды дамуы, жасыл экономикаға бағытталған инвестиция мен нарықтың жаһандық интеграциясы – осының бәрі қаржы әлемінде болашаққа жол ашады. Өзгерістер толқынында икемділік танытып, жаңашыл шешімдер қабылдаған мемлекеттердің үлкен табысқа қол жеткізу мүмкіндігі де зор.
Реформа • 25 Қазан, 2024
Сенімді нығайтқан саяси реформа
Кейінгі бес жылда елдің саяси өмірінде сең қозғалды. Мемлекеттің басқару жүйесіндегі жаңа реформа халықтың шешім қабылдау үдерістеріне қатысуына, қоғамға әлеуметтік оптимизм мен ынтымақтастықты қайтаруға тың серпін берді. Ең маңыздысы, реформалардың жүйелі әрі дәйекті жүргізілуі жұрттың айтарына құлақ түретін Үкіметтің өз бетінше шешім қабылдап, заң шығарушы палатаның да ықпалын арттыра түсті.
Республика күні • 25 Қазан, 2024
Егемендіктің елең-алаңы: Декларация қалай қабылданды?
Мемлекеттік егемендік туралы декларация қабылданған Республика күні – Қазақ елінің ұлттық мерекесі. 1995 жылдан бастап ұлттық мереке, 2001 жылдан мемлекеттік мереке ретінде тойланып келген бұл күн 2009 жылдан кейін атаусыз қалғаны белгілі. Ал екі жыл бұрын 29 қыркүйекте Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен «Ұлттық мереке» мәртебесі беріліп, елдің басты мейрамы ретінде қайта жаңғырды. Қайта оралған тарихи күнді бүгін, міне, үшінші мәрте атап өтіп жатырмыз. Бұл – өткенге көз жіберіп, жетістігіміз бен қателігімізді саралап, тарихтан сабақ алар сәт. Тар жол тайғақ кеше жүріп тәуелсіздікке жеткенімізді, азуын айға білеген алып империяның құрсауынан қалай құтылғанымызды ой елегінен өткізер мезет.