Аймақтар • 24 Қазан, 2017
Су қоймасының беріктігіне екі ел де мүдделі
Осыдан біраз жыл бұрын Киров су қоймасынан қауіп бар деп әулиеаталық әлеуметтің дүрліккені ел есінде. Расында да миллиондаған текшеметр су жинайтын алып қоймадан Тараз қаласында орналасқан Талас су торабына бірде су мөлшерінен көп, бірде аз түсіп отырады. Сондықтан да көктем келіп, өзен-көлдер кемерінен асқан шағында, не болмаса күз түсіп, жауын-шашын көбейген кезде жамбылдықтар әуелі Киров су қоймасынан келер қауіпті ойлайды.
Инфографика • 24 Қазан, 2017
Қазақстан • 24 Қазан, 2017
«Нұрлы жер» – баспаналы болудың елеулі мүмкіндігі
Биыл «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасын іске асыру аясында 10 миллионнан астам шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі. Мемлекеттің қолдауымен салынатын баспаналардың әр шаршы метрі нарықтағыдан 20-30 пайызға арзан. Айталық, өңірлерде салынып жатқан коттедж қалашығының шаршы метрі орта есеппен 120 мың теңге болса, Астана мен Алматы қаласындағы үйлердің бір шаршы метрі 180 мың теңге маңайында. Бұл туралы кеше Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында кеңінен айтылды.
Әдебиет • 24 Қазан, 2017
«Жетпісінші жылдың аяғында екі жыл әскер қатарында болып, Алматыға оралсам, Атыраудан келген ақын қыз Фаризаның жырлары астананы әбден шулатып жатыр екен» – Әбіш Кекілбаевтың «Фариза» атты эссесінің қолжазбасынан осы жолдарды оқығанда авторына телефонмен хабарласқанмын. Әбекеңе: «Ол өлеңдер ауылды да шулатқан. Сіздің жазғаныңыз есіме бір оқиғаны түсіргені. Баяғыда Фәкеңнің өлеңін оқимын деп мені мәшине қағып кете жаздаған» дегенмін. Қалай болғанын айтып бергенімде Әбекең әуелі лекітіп күліп алып, артынша: «Қой, бұл күлетін нәрсе емес екен, бұл жазатын нәрсе екен. Қағазға түсіріп қой» деген. Содан бастайын онда.
Қазақстан • 24 Қазан, 2017
Қымызды тұңғыш зерттеген қазақ
Орда бұзар жастағы Әміре жоғары курсқа көшкен соң ғылыми жұмыспен айналысуға ден қояды. Ол туралы «Жоғары курстарда Ә.Айтбақин ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналыса бастады. Өзіне таныс ұлттық сусын қымыздың емдік қасиеттеріне қызығушылық танытқан ол профессор А.И.Судаков меңгерушілік еткен гигиеналық зертханаға келді», деп жазылған.