Спорт • 25 Қазан, 2022
Қазақстандық жас кәсіпқой боксшылар Республика күні қарсаңында Мексикадағы бокс кешіне қатысып, жанкүйерлерін жарқын жеңістерімен қуантты.
Аймақтар • 25 Қазан, 2022
«Armanǵa jol» желаяқтарды жинады
Қарағандыда «Armanǵa jol - 2022» жартылай марафоны елдің әр түкпірінен желмен жарысып жүрген желаяқтарды жинады. Республика күніне арналған шара, тіпті халықаралық сипат иеленді. Күздің дымқыл күніне қарамастан 3 мың адамның жүгіруге ынта білдіруі марафонның ауқымын аңғартса керек. Еліміздің өңірлерін айтпағанда, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан желаяқтарының ат терлетіп арнайы келуі марафон салмағын арттыра түскен-ді.
Қоғам • 25 Қазан, 2022
Қызылордада облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ ұйымдастыруымен «Syr Jastary» атты веложарыс өтті. Республика күніне орай жастар мен жасөспірімдер арасында бұқаралық спортты насихаттап, саламатты өмір салтын қалыптастыру мен велоспортты дамытуды көздеген сайысқа 50-ге жуық жас қатысты.
Өнер • 25 Қазан, 2022
Әлем Самал есіміне сонау бір жылғы Францияның әйгілі Канн фестивалінде қанық болды. Фильмде тудырған қайталанбас бейнесі арқылы киноның талғампаз жанкүйерлерін күллі қазақ өнері мен өнерпазына бас игізді. Өнермен өмір сүрген қазақтың қаршадай қызы сонда тұтас ұлттың мерейін асырып, мәртебесін асқақтатқан еді.
Аймақтар • 25 Қазан, 2022
Республика күні Жетісуда да үлкен көлемде аталып өтті. Облыс орталығында өткен мерекелік жиында өңір басшысы Бейбіт Исабаев қырықтан астам азаматқа мемлекеттік наградаларды табыс етті.