Қоғам • 25 Қазан, 2022

Жастар бәсекесі

213 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылордада облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ ұйымдастыруымен «Syr Jastary» атты веложарыс өтті. Республика күніне орай жастар мен жасөспірімдер арасында бұқаралық спортты насихаттап, саламатты өмір салтын қалыптастыру мен велоспортты дамытуды көздеген сайысқа 50-ге жуық жас қатысты.

Жастар бәсекесі

Облыстық «Жастар ресурс­тық орталығы» КММ директоры Талғат Оспанұлы барша қаты­сушыларды ұлттық мере­ке­мен құттықтап, сайысқа сәт­тілік тіледі.

«Болашақ» университеті жанынан басталып «Эдельвейс» айналма жолынан мәреге қай­та оралған 20 шақырымдық топтық сайысқа №3 облыстық веломектебі бекіткен төрешілер алқасы қазылық етті. Сайыс қо­рытындысына сәйкес, жеңіс тұғы­рының бірінші орнына Асыл­хан Тұрар көтерілсе, II орын жүлдесін Саят Айдархан ие­ленді. Үздік үштік қатарын Диас Тұрат түйіндеді.

Қыздар арасында Әлия Өтеген I орынды иеленсе, Ға­лия Қуатбаева екінші, Інжу Асыл­бек үшінші орын иесі атанды.

Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне облыстық қо­ғам­дық даму басқармасы Жас­тар ресурстық орталығының дипломдары, арнайы медальдары және қаржылай сыйлықтары табыс­талды.

Жалпы, облыстағы мере­келік іс-шараларға жастар үлкен үлес қосты. Аймақта бір мезетте 40 мыңға жуық адам Мем­лекеттік Әнұран орын­дап, «Патриотизм дауысы» деп аталған осы іс-шара­ға өңірдегі мектептер мен оқу орын­да­рының шәкірттері қатыс­ты. Одан бөлек, қала орталы­ғын­дағы «Арай Сити Молл» сауда үйінде жастардың қаты­суы­­мен концерттік бағдарлама ұйым­дастырылады.

 

ҚЫЗЫЛОРДА