Әлем • 01 Қазан, 2020
Әуедегі үстемдік (Алтыншы буындағы жойғыш ұшақтар дәуірі)
Әскери авиаиндустрия жаңа кезеңге қадам басып, саладағы ойыншылар алтыншы буындағы жойғыш ұшақтарды құрастыруға кірісті. Бұл бағытта АҚШ, Ресей, Қытай, Ұлыбритания, Германия, Жапония, Франция және Испания айтарлықтай жетістікке жеткені байқалады. Алайда негізгі тартыс америкалықтар мен бейресми түрде бірлескен қытайлық және ресейлік авиаконструкторлар арасында өрбіп келеді.
Оқиға • 01 Қазан, 2020
Шоқан Қашқардан әкелген құмыра
Бүгін Оңтүстік астанада халықаралық ынтымақтастық аясында Қытай Халық Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулдығымен бірлескен «Ғажайып қолтаңба» атты көрме ашылды. Бір айға созылатын көрмеге Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі қорында сақталған қытай фарфор бұйымдары қойылады.
Аймақтар • 01 Қазан, 2020
Індеттен қайтыс болған медицина қызметкерлерінің отбасыларына көмек көрсетілді
Коронавирус індеті аясында медициналық мекемелердің барлық қызметкері экстремалды жағдайда жұмыс істеді және ықтимал болжамдарға сай дәрігерлер жұмыс қарқынын бәсеңдеткен жоқ. Ауыр науқастардың көп болуы, қызметкерлердің қорғаныс костюмдері мен маскаларды ұзақ уақыт киіп жүру қажеттілігі, ауруханаларды қайта бейіндеудің және жаңа төсектік орындардың орналастырылуының ұйымдастырушылық қиындықтары, жақындардан оқшаулану қажеттілігі, пациенттердің қайтыс болуы – мұның бәрі дәрігерлеріміздің күнделікті бетпе-бет келетін қиындығы.
Өнер • 01 Қазан, 2020
Карантиннен кейін қайта түлеген «Астана Опера» театры балет маусымын зор жетістікпен бастады. Балет труппасының көркемдік жетекшісі, Ресейдің Халық әртісі Алтынай Асылмұратова әр күндері елордалық көрермендер назарына труппа этуальдерінің қатысуымен бірегей Гала-балет бағдарламасы және Н.А.Римский-Корсаковтың музыкасына жазылған М.Фокиннің «Шехеразада» бір бөлімді балетін ұсынды.
Теннис • 01 Қазан, 2020
Бұл күндері Францияның бас шаһары – Парижде теннистен «Үлкен дулыға» санатындағы «Ролан Гаррос» жарысы өтіп жатқаны белгілі. Жарысты бес теннисші болып бастаған қазақстандық спортшылардың саны екінші айналым алдында біреуге қысқарды.