Қазақстан • 24 Қазан, 2018
Қазақстан республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары М.Чирков, А.Тасболатов, Б. Ізмұхамбетов және А. Мурадов іссапармен Маңғыстау облысында жүр.
Қаржы • 24 Қазан, 2018
Сенат комитетінде 2018-2020 жылдарға арналған республикалық бюджетке түзетулер қаралды
Парламент Сенаты Қаржы және бюджет комитетінің кеңейтілген отырысында «2018-2020 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заңға өзгерістер мен толықтырулар қаралды, деп хабарлайды Парламент Сенатының Баспасөз қызметі.
Руханият • 24 Қазан, 2018
Ақтөбе облысындағы Мөңке би ауылында дала данышпаны,ойшыл-жырау, би-шешен Мөңкеге ескерткіш қойылды. Ал оның болжампаздығына келгенде әлемге әйгілі делінген Нострадамустың өзі қолына су құя алмай қалады десек нақты шындықтан ауытқи қоймаспыз. Өйткені Мөңкенің бұдан бірнеше ғасыр бұрынғы жыр-толғауларына желі болып тартылған жәйттер бүгінгі күннің шындығына айналып отыр. Айталық тіліміз ала-шұбарланып жоғалып кетудің сәл ғана алдында қалғаны жасарын ба? Дәстүрлі ислам жолынан бет бұрғандар көбейіп, әр түрлі секталап пайда болғаны да бүгінгі күннің удай шыны емес пе? Ежелгі ұлттық салт-дәстүрлеріміздің аяққа басылып жүргені үшін кімді кінәлар екенбіз.
Қазақстан • 24 Қазан, 2018
Әлемде айрықша бағаланатын сыры жұмбақ, болмысы бөлек жыртқыш аң – қар барысының тұқымы жыл өткен сайын сиреп барады. Теңіз деңгейінен алты мың метр биіктікте тіршілік кешетін түз тағысына табиғат ана өзгеше сұлу бітім берген. Жер бетінде ілбістер мекендейтін 20 аймақ болса, соның екеуі Қазақстанда орналасқан. Бұлар – Жоңғар Алатауы мен Іле Алатауы. Ресми мәлімет бойынша бүгінгі күні әлемде 4 мыңға жуық қар барысы бар. Фотоқақпандар мен арнайы бейнебақылау құрылғыларының көмегіне сүйеніп және жыртқыштың ізін алу арқылы мамандар бүгінде Жоңғар Алатауы, Тянь-Шань, Тарбағатай, Сауыр және Алтай сідемдерінде барлығы 120-130 ғана қар барысы қалды деген тұжырымға келген. Айрықша қорғауға алынған жыртқыштың бұл түрін сақтап қалу ғаламдық мәселеге айналып отыр.
Қазақстан • 24 Қазан, 2018
Судья болуға өтінім берген елу адамның үшеуі емтиханнан сүрінбей өтті
Жоғарғы сот кеңесінің жанындағы біліктілік комиссиясы өткізген емтиханның қорытындысы жарияланды. Емтихан қорытындысы туралы Жоғарғы соттың судьясы, Жоғары сот кеңесінің мүшесі, Жоғарғы сот кеңесінің жанындағы біліктілік комиссиясының төрағасы Әділ Құрықбаев айтып берді.