Руханият • 25 Қазан, 2019
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде өткен «Сәкен Сейфуллин: тұлға және уақыт» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция тұғыры биік тұлғаның 125 жылдық мерейтойына орайластырылды.
Қоғам • 25 Қазан, 2019
«Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» дегендей, баланың отбасында алған тәлім-тәрбиесі – болашаққа бастар жол. Үнемі уақыты тығыз, жұмысы қарбалас әкесіне еліктеп өскен Арман мен Азамат та полицей формасын киюді армандады.
Қоғам • 25 Қазан, 2019
Қоғам қалаған сақшылар қайтсе қалыптасады?
Соңғы жылдары полиция жұмысы қоғам тарапынан түрлі сынға ұшырап, олардың халық күткен келелі істердің кетігін таппауы көпшілікті толғандыра түсуде. Мұны Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев та ішкі істер органдарының қызметін жаңғырту мәселелеріне арналған кеңесте айтып, полицияның жағдайы қоғам талабына толық жауап бере алмай отырғандығын сынаған еді. Елбасы «Адамдар өздерін қауіпсіз сезіне алмайды. Біз онсыз басты бағдарымыз саналатын қазақстандықтардың жоғары сапалы өмір сүруін қамтамасыз ете алмаймыз. Сондықтан полицияны реформалау ісіне шұғыл кірісуіміз қажет», деген болатын.
Қоғам • 25 Қазан, 2019
«Әке – асқар тау» дейді халқымыз. Қазақ отбасында әкенің орны, құрметі ерекше. Әке – сол шаңырақтың ұйытқысы, қамқоршысы, тірегі. Сондықтан оған үлкен құрметпен қарау баланың парызы болмақ. Баланың бойындағы кез келген жақсылы-жаманды қасиетті байқаса, қазақ оны ең бірінші әке мен ата тәрбиесінен көреді, тегіне тартқан дейтіні тегін болмаса керек-ті.
Қоғам • 25 Қазан, 2019
Шымкентте Елбасының «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасындағы тапсырмасына орай білім беру нысандарын салу жұмыстары көш соңында қалып келеді. Соның салдарынан қаладағы үш ауысымды мектептердің қатары өсе түскен. Қазіргі таңда үшінші мегаполистің бақандай 19 мектебінде ұлт болашағы – жасөспірімдер үш ауысымда оқып жүр. Тіпті мектеп тапшылығы салдарынан оқушылар моншада білім алуға мәжбүр болған жағдайы бар.