Жемқорлық • 24 Қазан, 2024
Ертіс-Баян өңірінде қазына қаражатын тиімсіз пайдалану, мемлекеттік сатып алуларда бағаны негізсіз қымбат етіп көрсету фактілері азаймай тұр. Заң бұзушылық мемлекеттік сатып алулар саласында жиі кездеседі. Мәселен, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жыл басынан 2,6 млрд теңге бюджет қаражатын тиімсіз жұмсаудың алдын алды.
Сұхбат • 24 Қазан, 2024
Жигули Дайрабаев: Әрбір адам отаншыл болуға тиіс
Мемлекеттік егемендік туралы декларацияны қабылдайтын кезде қиян-кескі талас-тартыс пен пікірталас жүрді. Сол оқиғалардың бел ортасында тарихи сәттің куәгері болғандардың бірі – белгілі қоғам қайраткері Жигули Дайрабаев. Мереке қарсаңында Мәжіліс депутатымен арнайы жолығып, декларацияның қалай қабылданғанын, Республика күніне қатысты ойын білдік.
Өнер • 24 Қазан, 2024
Жер – ана болса, Аспан – әке іспетті, бірін-бірі айналған егіз кеңістік арасы ендік пен бойлықтармен ұштасып жатса да, жер бетінің жұмбағы мен заңдылығы сонау зеңгір көктен басқарылатындай, адам баласы аспанды құдіретті санаған әдетінен әлі жаңылысқан жоқ. Күн сайын арайлап ататын таң мен кешке мұнартып бататын күннің мекені де көк аспан. Жиегі көрінбейтін шетсіз-шексіз аспанды періштелер көктеп жүреді деген сеніммен бала біткен көзі талғанша көкке қадалып, арманын аспанға қарап айтады. Аспан – еркін әлем, арман мен қиялды тоғыстырып, төңкеріліп түскен көк теңіз.
Көрме • 24 Қазан, 2024
Мәдениет және ақпарат министрлігі мен «Ұлытау» ұлттық тарихи-мәдени және табиғи музей-қорығының ұйымдастыруымен Астана қаласындағы ҚР Қарулы күштерінің Әскери-тарихи музейінде Жошы ұлысының 800 жылдығына арналған «Алтын Орда (Жошы Ұлысы) кезеңінің тарихи-мәдени мұрасы» тақырыбында көрме ашылды.
Руханият • 24 Қазан, 2024
Кітап – ақыл мен білімнің қайнар көзі. Қоғамды осынау асыл қазынаның тереңіне шақыратын кітапханашы дейтін мамандықтың бәсі қашанда биік тұруға тиіс. 2022 жылы Мемлекет басшысының бастамасымен 24 қазан Кітапханашы күні ретінде бекітіліп, кітапханалар мен кітапханашылардың қоғам өміріндегі рөлін нығайтуға бағытталған ауқымды жұмыстар атқарылып жатыр. Атаулы мереке аясында Алматыдағы Ұлттық кітапханада Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен «Кітапхана – парасат ордасы» атты салтанатты іс-шара өтіп, саладағы үздік мамандар марапатталды.