Көрме • 24 Қазан, 2024

Жошыдан қалған жәдігер

98 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Мәдениет және ақпарат министрлігі мен «Ұлытау» ұлттық тарихи-мәдени және табиғи музей-қорығының ұйымдастыруымен Астана қаласындағы ҚР Қарулы күштерінің Әскери-тарихи музейінде Жошы ұлысының 800 жылдығына арналған «Алтын Орда (Жошы Ұлысы) кезеңінің тарихи-мәдени мұрасы» тақырыбында көрме ашылды.

Жошыдан қалған жәдігер

Аталған іс-шара елі­мізді Ал­тын Орда (Жошы ұлысы) им­перия­сының мұрагері ретінде және сол кезеңнің бай тарихи-мәде­ни мұрасын сақтап отырған мемлекет ретінде көрсетуді мақсат етеді.

Көрмеге Алтын Орда ке­зеңіне жататын кесенелердің безендірілген кірпіштері, сол кезеңдегі тұлғалардың бала­уыз мүсіндері, Жошы хан кесе­несінің құббасы, Сарайшық қаласынан табылған құмыралар мен ыдыс-аяқтар, ортағасырлық бірегей монеталар, сондай-ақ тарихи қолжазбалардың көшір­мелері, карталар мен картиналар, Жошы ұлысының тарихына қатысты кітаптар және басқа да құнды жәдігерлер қойылды.

ап

Жиында сөз алған Мәде­ниет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитеті төраға­сы­ның орынбасары Айдын Боран­байұлы Алтын Орданың тарихы қазіргі қазақ мемлекеттілігінің жылнамасымен тығыз байланыс­ты екенін атап өтті.

«Аумағы ұлан-ғайыр импе­рияның негізін қалаған Жошы ханның кесенесі мен әлемге әйгілі болған Сарайшық қала­сының Қазақстан аумағында орналасуы – осының жарқын дәлелі. Ата-бабаларымыз құр­ған қуатты мемлекеттің екі ға­сырдан астам уақыт Еуразияның геосаяси жағдайына қатты ықпал етіп отырғанына тарихымыз куә бола алады. Сондай-ақ Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Алтын Орданың тарихына ерекше мән беріп жүргені және оның тапсырмасымен аз уақыттың ішінде елімізде мәдениет, ғылым, ақ­парат салаларында бірқатар маңызды шаруалар атқарылып жатқаны белгілі. Атап айтсақ, Жошы Ұлы­сын зерттейтін ғы­лыми инс­титут құрылып, та­бысты еңбек етіп жатыр. Қазақ­станның 7 томдық жаңа академиялық тарихы жазылып, оның 1-томы Жошы ұлысының тарихына арналды. Еліміздің көптеген қалаларында ғылыми-практикалық конференциялар, семинарлар, конгрестер, арнайы экспедициялар өтіп жатыр. Ұлытаудағы Жошы хан, Домбауыл кесенелеріне апа­ратын жолды салу жұмысы аяқ­талуға жақын. Алтын Орданың кезеңіне, Жошы ханның өміріне арналған ғылыми, әдеби туындылар жарық көріп отыр», деді ол.

па

Іс-шараға «Ұлытау» ұлттық тарихи-мәдени және табиғи музей-қорығы, «Сарайшық» мем­лекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы, Қарағанды облыс­тық тарихи-өлкетану музейі, Қолжазбалар жəне сирек кітаптар ұлттық орталығы, ҚР Қарулы күштерінің Әскери-тарихи және «Қазақмыс» корпорациясының Қ.Сәтбаев атындағы тарихи-өндірістік музейлері қатысты.

па

Айта кетейік, қазіргі уақытта «Ұлытау» ұлттық тарихи-мәде­ни және табиғи музей-қоры­ғының аумағында Алтын Орда дәуіріне жататын оннан аса тарихи ескерткіштер сақталған. Атап айтсақ, Жошы хан, Болған ана, Құлан ана, Аяққамыр (Құт­лық Темір), Талмас ата, Келін­там кесенелері, Едіге мазары, Алтыншоқы төбесі және басқалары бар.